Тарату нүктелері арқылы жаңартуларды жүктеп алу

2024 ж. 29 қазан

ID 13460

Kaspersky Security Center бағдарламасы, тарату нүктелеріне Басқару серверінен, Kaspersky серверлерінен, жергілікті немесе желілік қалтадан жаңартулар алып тұруға мүмкіндік береді.

Тарату нүктесі үшін жаңартулар алуды конфигурациялау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Консоль ағашынан Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
  2. Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  3. Басқару сервері сипаттары терезесіндегі Тарату нүктелері бөлімінде топтың клиент құрылғыларына жаңартулар жеткізілетін тарату нүктесін таңдаңыз.
  4. Сипаттар түймесі арқылы, таңдалған тарату нүктесі сипаттары терезесін ашыңыз.
  5. Тарату нүктесі сипаттары терезесінде Жаңартулардың көздері бөлімін таңдаңыз.
  6. Тарату нүктесі үшін жаңартулар көзін таңдаңыз:
    • Тарату нүктесі Басқару серверінен жаңартуларды алып тұруы үшін, Басқару серверінен шығарып алу нұсқасын таңдаңыз:
    • Тарату нүктесі тапсырманың көмегімен жаңартулар алып тұруы үшін, Жаңартуларды мәжбүрлеп жүктеу тапсырмасын пайдалану нұсқасын таңдаңыз:
      • Мұндай тапсырма құрылғыда әлдеқашан бар болса, Таңдау түймесін басыңыз және пайда болған тізімнен тапсырманы таңдаңыз.
      • Мұндай тапсырма құрылғыда әлі болмаса, тапсырманы жасау үшін Жаңа тапсырма түймесін басыңыз. Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

      Жаңартуларды тарату орындарының қоймаларына жүктеп алу тапсырмасы жергілікті болып табылады. Тарату нүктесі ретінде әрекет ететін әрбір құрылғы үшін тапсырманы бөлек жасау керек.

Нәтижесінде, тарату нүктесі көрсетілген көзден жаңартулар алып тұрады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Kaspersky бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.