13-қадам. Басқару сервері мекенжайын белгілеу

2024 ж. 29 қазан

ID 13090

Басқару сервері мекенжайын келесі тәсілдердің бірімен көрсетіңіз:

  • DNS домені аты. Бұл тәсіл, желіде DNS сервері болған кезде және клиент құрылғылары оның көмегімен Басқару серверінің мекенжайын ала алатын жағдайда қолданылады.
  • NetBIOS атауы. Бұл тәсіл, клиент құрылғылары NetBIOS протоколы арқылы Басқару сервері мекенжайын алса немесе желіде WINS сервері болса қолданылады.
  • IP мекенжайы. Бұл тәсіл, Басқару серверінде болашақта өзгермейтін статикалық IP мекенжайы болса қолданылады.

Kaspersky Security Center бағдарламасын ақауларға төзімді Kaspersky Security Center кластерінің белсенді түйініне орнатып жатсаңыз және виртуалды желі адаптерін жасасаңыз, кластар түйіндерін дайындау кезінде осы адаптердің IP мекенжайын көрсетіңіз. Не болмаса, өзіңіз пайдаланып жатқан үшінші тарап теңгергішінің IP мекенжайын енгізіңіз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.