Exchange ActiveSync ұялы құрылғыларын басқаруға арналған пайдаланушы құқықтары
Microsoft Exchange Server 2010 немесе Microsoft Exchange Server 2013 сервері бар Exchange ActiveSync протоколы бойынша жұмыс істейтін ұялы құрылғыларды басқару үшін, пайдаланушы келесі командлеттерді орындауға рұқсат етілген рөлдік топтың мүшесі болуы керек:
- Get-CASMailbox;
- Set-CASMailbox;
- Remove-ActiveSyncDevice;
- Clear-ActiveSyncDevice;
- Get-ActiveSyncDeviceStatistics;
- Get-AcceptedDomain;
- Set-AdServerSettings;
- Get-ActiveSyncMailboxPolicy;
- New-ActiveSyncMailboxPolicy;
- Set-ActiveSyncMailboxPolicy;
- Remove-ActiveSyncMailboxPolicy.
Microsoft Exchange Server 2007 сервері бар Exchange ActiveSync протоколы бойынша жұмыс істейтін ұялы құрылғыларды басқару үшін пайдаланушының басқару құқықтары болуы қажет. Олар болмаған жағдайда, пайдаланушыға басқару құқықтарын беру үшін командлеттерді орындаңыз (төмендегі кестені қараңыз).
Microsoft Exchange Server 2007 үшін Exchange ActiveSync ұялы құрылғыларын басқаруға арналған басқару құқықтары
Қатынас | Нысан | Командлет |
---|---|---|
Толық | "CN=Mobile Mailbox Policies,CN=Your Organization,CN=Microsoft Exchange,CN=Services,CN=Configuration,DC=yourdomain" тарамы |
|
Оқу. | "CN= Your Organization,CN=Microsoft Exchange,CN=Services,CN=Configuration,DC= yourdomain" тарамы |
|
Оқу және жазу | Active Directory ішіндегі нысандар үшін msExchMobileMailboxPolicyLink және msExchOmaAdminWirelessEnable сипаттары |
|
Толық | mailboxstorages үшін ms-Exch-Store-Admin пошта жәшіктері қоймалары |
|
Exchange Management Shell консолінде командлеттерді пайдалану туралы толық ақпаратты Microsoft Exchange Server техникалық қолдау веб-сайтынан қараңыз.