9-қадам. Үшінші тарап бағдарламаларының жаңартуларын басқару параметрлерін көрсету
Осалдықтар мен патчтарды басқаруға арналған лицензия болмаса және Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасы бұрыннан бар болса, бұл қадам көрсетілмейді.
Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту параметрлерін басқару
Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту үшін келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
- Қажетті жаңартуларды іздеу
- Қажетті жаңартуларды іздеу және орнату
Бұл параметр Осалдықтар мен патчтарды басқару лицензиясы болған жағдайда қолжетімді.
Windows Update жаңартулары үшін келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
- Домен саясатында белгіленген жаңарту көздерін пайдалану
- Басқару серверін WSUS сервері ретінде пайдалану
Бұл параметр Осалдықтар мен патчтарды басқару лицензиясы болған жағдайда қолжетімді.
Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін іске қоспай-ақ Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеуді жасауға және Қажетті жаңартуларды орнатуға және осалдықтарды түзетуге болады. Басқару серверін WSUS сервері ретінде қолдану үшін сізге Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасын жасап, Желілік агент саясатында Басқару серверін WSUS сервері ретінде пайдалану параметрін таңдау керек.