Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау
Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері әдепкі бойынша параметрлері бар саясаттар мен тапсырмаларды жасайды. Бұл параметрлер ұйымда оңтайлы емес немесе тіпті тыйым салынған болуы мүмкін. Сондықтан, осы саясаттар мен тапсырмаларды конфигурациялау және сіздің желіңіз үшін қажет болса, қосымша саясаттар мен тапсырмаларды жасау ұсынылады.
Алдын ала талаптар
Бастамас бұрын, келесі әрекеттерді орындағаныңызға көз жеткізіңіз:
- Kaspersky Security Center Басқару серверін орнаттыңыз.
- Kaspersky Security Center Web Console орнаттыңыз (қажет болса).
- Kaspersky Security Center орнатудың негізгі сценарийін орындадыңыз.
- Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері аяқталды немесе келесі саясаттар мен тапсырмалар Басқарылатын құрылғылар басқару тобында қолмен жасалған:
- Kaspersky Endpoint Security саясаты.
- Kaspersky Endpoint Security жаңарту топтық тапсырмасы.
- Желілік агент саясаты;
- Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасы.
Желі қорғанысын конфигурациялау келесі кезеңдерден тұрады:
- "Лаборатория Касперского" бағдарламалары үшін саясаттар мен саясат профильдерін конфигурациялау және тарату
Басқарылатын құрылғыларда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының параметрлерін конфигурациялау және тарату үшін қауіпсіздікті басқарудың екі түрлі тәсілдемесін қолдануға болады: пайдаланушыға бағытталған және құрылғыға бағытталған. Осы екі тәсілдемені біріктіруге болады. Microsoft Management Console (MMC) басқару консолі және Kaspersky Security Center Web Console негізіндегі Басқару консолі құралдары құрылғыға бағытталған қауіпсіздікті басқару әдісін іске асыруға жарамды. Пайдаланушыға бағытталған қауіпсіздікті басқарудың әдісін іске асыру үшін тек Kaspersky Security Center Web Console жарамды.
- "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын қашықтан басқару үшін тапсырмаларды конфигурациялау
Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберімен жасалған тапсырмаларды тексеріп, қажет болған жағдайда олардың параметрлерін оңтайландырыңыз.
Нұсқаулар:
- Басқару консолі:
- Kaspersky Security Center Web Console:
Қажет болса, клиент құрылғыларында орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын басқарудың қосымша тапсырмаларын жасаңыз.
- Дерекқорға оқиғаларды жүктеуді бағалау және шектеу
Басқарылатын бағдарламалардың жұмысындағы оқиғалар туралы ақпарат клиент құрылғысынан беріледі және Басқару серверінің дерекқорында тіркеледі. Басқару серверіне түсетін жүктемені азайту үшін дерекқорда сақталуы мүмкін оқиғалардың ең көп санын бағалаңыз және шектеңіз.
Нұсқаулар:
- Басқару консолі: Оқиғалардың ең көп санын конфигурациялау.
- Kaspersky Security Center Web Console: Оқиғалардың ең көп санын конфигурациялау.
Нәтижелер
Осы сценарий аяқталғаннан кейін, сіздің желіңіз "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын, Басқару сервері алатын тапсырмалар мен оқиғаларды конфигурациялау арқылы қорғалады:
- "Лаборатория Касперского" бағдарламалары саясаттар мен саясат профильдеріне сай конфигурацияланған.
- Бағдарламаларды басқару тапсырмалар жиынтығының көмегімен жүзеге асырылады.
- Дерекқорда сақталуы мүмкін оқиғалардың ең көп саны белгіленген.
Желі қорғанысын конфигурациялап болғаннан кейін, сіз "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорының тұрақты емес жаңартуларын конфигурациялауға кірісе аласыз.
Kaspersky Sandbox-та анықталған қауіптерге автоматты түрде жауап беруді конфигурациялау туралы толық ақпаратты Kaspersky Sandbox 2.0 онлайн анықтамасынан қараңыз.