Бағдарламаларды автономды пакеттердің көмегімен орнату
Kaspersky Security Center бағдарламалардың автономды орнату пакеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жеке орнату пакеті, Веб-серверге орналастыруға, пошта арқылы жіберуге немесе клиент құрылғысына басқа тәсілмен жіберуге болатын орындалатын файл болып саналады. Бағдарламаны Kaspersky Security Center қатысуынсыз орнату үшін, алынған файлды клиент құрылғысында жергілікті түрде іске қосуға болады.
Бағдарламаны автономды орнату пакеті арқылы орнату үшін:
- Қажетті Басқару серверіне қосыңыз.
- Қашықтан орнату қалтасындағы консоль шежіресінен Орнату пакеттері салынған қалтасын таңдаңыз.
- Жұмыс аймағында қажетті бағдарламаның орнату пакетін таңдаңыз.
- Автономды орнату пакетін жасау процесін келесі тәсілдердің көмегімен іске қосыңыз:
- Орнату пакетінің мәнмәтіндік мәзірінде Жеке орнату пакетін жасау тармағын таңдаңыз.
- Орнату пакетінің жұмыс аймағындағы Жеке орнату пакетін жасау сілтемесі бойынша өтіңіз.
Нәтижесінде, автономды орнату пакетін жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.
Шебердің соңғы қадамында автономды орнату пакетін клиент құрылғысына жіберу тәсілін таңдаңыз.
- Бағдарламаның жеке орнату пакетін клиент құрылғысына жіберіңіз.
- Жеке орнату пакетін клиент құрылғысында іске қосыңыз.
Нәтижесінде, бағдарлама автономды пакетте көрсетілген параметрлері бар клиент құрылғысында орнатылады.
Жасау кезінде, жеке орнату пакеті Веб-серверде автоматты түрде жарияланады. Автономды пакетті жүктеу сілтемесі, жасалған автономды орнату пакеттерінің тізімінде көрсетіледі. Қажет болса, таңдалған автономды пакетті жариялауды болдырмай, оны Веб-серверде қайта жариялауыңызға болады. Әдепкі бойынша, автономды орнату пакеттерін жүктеу үшін 8060 порты қолданылады.