Mac компьютеріңіз туралы жалпы сұрақтар
MacBook Pro компьютеріме қолдауды қалай аламын? MacBook Pro Support бөліміне өтіңіз.
Мен Mac компьютерін бірінші рет пайдаланып тұрмын. Компьютер пайдаланушылары үшін кеңестер бар ма? Иә! Windows ауысқыштары үшін Mac компьютерін білмейсіз бе? бөлімін және Mac кеңестері атты Apple Support мақаласын қараңыз. Сондай-ақ, сізді Mac компьютеріңіздегі пернетақта тіркесімдері бөлімі қызықтыруы мүмкін.
Mac компьютерінде скриншотты қалай түсіремін? Бүкіл экранның скриншотын түсіру үшін Command-Shift-3 пернелер тіркесімін басыңыз. Экранның таңдалған аймағының скриншотын түсіру үшін Command-Shift-4 пернелер тіркесімін басыңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін Mac компьютеріңізде скриншот түсіру бөлімін қараңыз.
Сериялық нөмірім қайда? Apple мәзірі > About This Mac тармағын таңдаңыз. Сериялық нөмір тізіме берілген. Сондай-ақ, сериялық нөмірді MacBook Pro компьютеріңіздің астынан табуға болады.
Менде MacBook Pro компьютерінің қандай үлгісі екенін қайдан білемін? MacBook Pro компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз. Үлгі ақпаратын қарау үшін Apple мәзірі > About This Mac тармағын таңдауыңызға да болады.
MacBook Pro компьютерім үшін құжатты қалай табуыма болады? MacBook Pro негіздері нұсқаулығын табу үшін System Settings терезесін ашыңыз, Help мәзірін басыңыз, одан кейін User Manual түймесін басыңыз. Help мәзірінен операциялық жүйенің пайдаланушы нұсқаулығын ашу үшін «macOS Help» түймесін басуыңызға да болады. Mac компьютерінің ескі үлгілері үшін Өнім бойынша нұсқаулықтарды шолу бөлімін қараңыз.
Қолданба анықтамасын қалай аламын? Қолданбаны пайдалану кезінде экранның жоғарғы жағындағы мәзір жолағында Help мәзірін басыңыз.
MacBook Pro компьютерім үшін қауіпсіздік ақпараты қайда? Mac компьютеріңіз үшін маңызды қауіпсіздік ақпараты бөлімін қараңыз.
Техникалық деректерді қалай табуға болады? System Settings терезесін ашыңыз, Help түймесін басыңыз, одан кейін MacBook Pro Specifications түймесін басыңыз.
Дискімдегі проблемаларды қалай тексеремін? Disk Utility қызметтік бағдарламасын пайдаланыңыз. Disk Utility қызметтік бағдарламасының пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріндегі Disk Utility қызметтік бағдарламасында сақтау құрылғысын жөндеу бөлімін қараңыз.
macOS жүйесін қалай қайта орнатамын? macOS Recovery функциясын пайдаланыңыз. (Apple Silicon процессоры бар MacBook Pro компьютеріне арналған macOS Recovery процесі басқа MacBook Pro үлгілеріне арналған процеске қарағанда басқаша.) macOS жүйесін қайта орнату жолы бөлімін қараңыз.
Ескертпе: macOS Big Sur жүйелерінен бастап, Time Machine сақтық көшірмелері жүйе файлдарын қамтымайды. Mac компьютеріңізді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
Mac компьютерімді сатпастан немесе қайта өткізбестен бұрын не істеуім керек? Деректеріңізді сақтық көшірмелеңіз, одан кейін Mac компьютеріңізді зауыттық параметрлерге қалпына келтіріңіз. Mac компьютеріңізді сату, біреуге беру немесе қайта тапсыру алдында орындалатын әрекеттер бөлімін қараңыз.