Керек-жарақтарды MacBook Pro компьютеріңізбен пайдалану
MacBook Pro компьютеріңізді пернетақта, тінтуір немесе трекпад сияқты басқа құрылғылармен; AirPods сияқты тағылатын құрылғылармен; және т.б. қосуыңызға болады. Керек-жарақтарды қосудың екі жолы бар: Bluetooth технологиясын пайдаланып сымсыз немесе керек-жарақтың кабелін MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 4 / USB-C немесе Thunderbolt / USB 4 порттарының біреуіне қосу арқылы.
Бастамастан бұрын. Керек-жарақты MacBook Pro компьютеріңізге қоспастан бұрын келесі әрекеттерді орындаңыз:
Керек-жарағыңызбен келген құжаттарды қараңыз.
Кабельмен қосылып отырсаңыз, сізде дұрыс кабель екенін тексеріңіз. Кабельді MacBook Pro компьютеріңіздегі портқа қосу үшін адаптер де қажет болуы мүмкін. Порттар мен олардың мүмкіндіктері туралы қосымша мәліметтерді MacBook Pro компьютерін шолып шығыңыз бөлімінен қараңыз.
MacBook Pro компьютеріңіздің macOS жүйесінің ең соңғы нұсқасына жаңартылғанын тексеріңіз.
Сымсыз керек-жарақты қосу
Bluetooth қызметін қосыңыз. Мәзір жолағында түймесін басыңыз. Bluetooth белгішесі қосулы кезде ол көк немесе басқа түсте болады. Белгіше сұр түсті болса, Bluetooth функциясын қосу үшін оны басыңыз.
Bluetooth керек-жарағын жұптаңыз. Bluetooth керек-жарағын MacBook Pro компьютеріңізбен бірінші рет қолданған кезде оларды жұптауыңыз керек. Керек-жарақтың жұпталуға дайын екенін тексеру үшін керек-жарақпен келген құжаттарды қараңыз—мысалы, Bluetooth функциясын қосу үшін керек-жарақта қосқышты аударуыңыз керек болуы мүмкін. Mac компьютеріңіз бен керек-жарақтың екеуі де қосулы дәне бір біріне жақын болуы тиіс.
Керек-жарағыңыз жұптауға дайын кезде Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашыңыз және бүйірлік тақтада Bluetooth түймесін басыңыз. Nearby Devices тізімінде керек-жарақты таңдаңыз, одан кейін Connect түймесін басыңыз.
Bluetooth керек-жарағын қосыңыз. Керек-жарақты жұптағаннан кейін, ол MacBook Pro компьютеріңізге автоматты түрде қосылады. MacBook Pro компьютеріңізге қандай Bluetooth құрылғыларын қосқаныңызды мәзір жолағында тармағын басу арқылы тексере аласыз, одан кейін меңзерді Bluetooth белгішесінің үстіне апарып, түймесін басыңыз. Тізімде көк (немесе басқа түсті) белгішемен пайда болатын керек-жарақтар қосылған.
Керек-жарағыңыз автоматты түрде қосылмаса, Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашып, Bluetooth түймесін басыңыз. Керек-жарақтың My Devices тізімінде пайда болатынын тексеріңіз. Ол пайда болмаса, керек-жарақты жұптау үшін қадамдарды орындаңыз.
Bluetooth керек-жарағын ажырату немесе ұмыту. Bluetooth керек-жарағын ажырату үшін Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашыңыз және Bluetooth түймесін басыңыз. My Devices тізімінде меңзеріңізді керек-жарақ үстіне жылжытыңыз, одан кейін Disconnect түймесін басыңыз. MacBook Pro компьютеріңіз автоматты түрде қосылмауы үшін Bluetooth керек-жарағын ұмыту үшін керек-жарақтың жанындағы белгішесін басыңыз, одан кейін Forget This Device түймесін басыңыз.
Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтасын қосыңыз. Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтасын MacBook Pro компьютеріңізге керек-жарағыңызбен берілген кабельді пайдаланып қосыңыз. Одан кейін, керек-жарағыңыздағы қосқышты жасыл көрінетіндей етіп сырғытыңыз. Керек-жарағыңыз кейін Mac компьютеріңізбен жұпталады.
Керек-жарақ MacBook Pro компьютерімен жұпталғаннан кейін кабельді ажыратып, керек-жарақты сымсыз пайдалануыңызға болады. Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтаңыз Bluetooth функциясы қосулы кезде Mac компьютеріңізге автоматты түрде қосылады.
AirPods құлаққаптарын MacBook Pro компьютеріңізбен қосыңыз. AirPods құлаққаптарын жұптау және қосу үшін AirPods құлаққаптарын Apple құрылғысымен жұптау бөлімін қараңыз.
Керек-жарақты кабельмен қосу
Кейбір керек-жарақтарды MacBook Pro компьютеріңізге кабельмен қосуға болады. Керек-жарақ мен кабельдің мүмкіндіктеріне байланысты керек-жарақты зарядтай алуыңыз немесе қосылған кезде деректерді тасымалдай алуыңыз да мүмкін.
Керек-жарақты қоспастан бұрын онымен келген құжатты қараңыз. Кейбір керек-жарақтарда қосылуы керек қосымша қуат көзі болады.
Керек-жарақты қосу үшін керек-жарағыңыздағы портқа, сонымен қатар MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt / USB 4 немесе Thunderbolt 4 / USB-C портына (үлгіңізге байланысты) сәйкес келетін кабельді пайдалануыңыз керек. Кабеліңізде Mac компьютеріңізге арналған дұрыс қосқыш болмаса, кабельді қосу үшін адаптерді пайдалануыңызға болады. Адаптерлер, олардың көрінісі және қандай порттарды пайдалану керектігі туралы қосымша ақпаратты Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt 4, Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер бөлімінен қараңыз.
Кеңес: Кейбір керек-жарақтар бірінші рет қосылған кезде мақұлдануы керек, қосымша мәліметтерді Керек-жарақтардың Mac компьютеріне қосылуына рұқсат ету бөлімінен қараңыз.
Қосымша мәліметтер. Mac компьютеріндегі Bluetooth параметрлері және Mac компьютеріндегі USB туралы бөлімдерін қараңыз. Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтасын қосу туралы қосымша мәліметтерді Magic Keyboard, Magic Mouse немесе Magic Trackpad тақтаңызды Mac компьютеріңізбен орнату бөлімінен қараңыз. USB құрылғыларының ажыратылғаны туралы ескертпе көрсеңіз, Mac компьютеріңізде USB Devices Disabled ескертпесін көрсеңіз бөлімін қараңыз.