Сымсыз қосалқы құралдармен жұмыс істеу
Bluetooth® технологиясын пайдаланып MacBook Air компьютеріңіз Bluetooth пернетақтасы, тінтуір, трекпад, гарнитура, тағылатын спорттық қосалқы құралдар және т.б. сияқты құрылғыларға сымсыз қосыла алады (яғни, жұпталу).
Bluetooth құрылғысын қосыңыз. Құрылғыны ол табылатын болуы үшін оны қосыңыз, одан кейін System Preferences терезесін ашыңыз және Bluetooth түймесін басыңыз. Тізімнен құрылғыны таңдаңыз, одан кейін Connect түймесін басыңыз. Құрылғы ол жойылғанша қосылып тұрады. Құрылғы атауын жою үшін оны Control пернесімен басыңыз.
Bluetooth қызметін қосыңыз немесе өшіріңіз. Мәзір жолағында Bluetooth белгішесін басыңыз, одан кейін Turn Bluetooth On немесе Turn Bluetooth Off параметрін таңдаңыз. MacBook Air компьютеріңіз Bluetooth функциясы қосылып келеді.
Кеңес: Мәзір жолағында Bluetooth белгішесін көрмесеңіз, оны қосуыңызға болады. System Preferences терезесін ашыңыз, Bluetooth түймесін басыңыз, одан кейін «Show Bluetooth in menu bar» параметрін таңдаңыз.