Mac компьютеріңізді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру
Файлдарыңызды қауіпсіз сақтау үшін Mac Studio компьютеріңізді мерзімді түрле сақтық көшірмеу маңызды болып табылады. Қолданбаларыңызды, аккаунттарыңызды, параметрлерді, музыкаңызды, фотоларыңызды, фильмдеріңіз бен құжаттарыңызды Time Machine көмегімен сақтық көшірмелеуіңізге болады, ол Mac компьютеріңізге кірістірілген. Time Machine функциясы macOS операциялық жүйесін сақтық көшірмелемейді.
Файлдарыңызды сақтық көшірмелейтін жеріңізді шешіңіз. Time Machine жүйесі Mac Studio компьютеріңізге қосылған сыртқы сақтау құрылғысына, сонымен қатар басқа қолдау көрсетілген сақтау құрылғыларына сақтық көшірмелей алады. Time Machine қолдайтын құрылғылар тізімін Time Machine функциясымен пайдалануға болатын дискілерді сақтық көшірмелеу атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласынан қараңыз.
Time Machine қолданбасын орнатыңыз. Бастамастан бұрын, сақтау құрылғысымен бірге келген құжатты қараңыз және Mac Studio компьютеріңіздің сыртқы жад құрылғысы сияқты бірдей Wi-Fi желісінде екенін тексеріңіз немесе сыртқы жад құрылғысын Mac Studio компьютеріңізге кабельмен қосыңыз, қажет болса тиісті адаптерді пайдаланыңыз (Адаптерлерді Mac Studio компьютеріңізбен пайдалану бөлімін қараңыз). System Settings терезесін ашыңыз, General > Time Machine тармағын таңдаңыз, одан кейін Add Backup Disk түймесін басыңыз. Сақтық көшірмелеу үшін пайдаланылатын дискіні таңдаңыз, сонымен барлығы орнатылады.
Файлдарыңызды қалпына келтіріңіз. Time Machine қолданбасын файлдарыңызды қалпына келтіру үшін пайдалануыңызға болады және тек бірнеше файлды немесе барлығын бірден қалпына келтіруді таңдаңыз. Мәзір жолағында Time Machine белгішесін басыңыз, одан кейін «Browse Time Machine backups» параметрін таңдаңыз. Қалпына келтіргіңіз келетін бір немесе бірнеше элементті таңдаңыз (жеке қалталар немесе бүкіл дискіңіз), одан кейін Restore түймесін басыңыз.
Ескертпе: Time Machine белгішесі мәзір жолағында болмаса, Apple Menu > System Settings тармағын таңдаңыз, одан кейін бүйірлік жолақтағы Control Center түймесін басыңыз. Time Machine түймесінің жанындағы қалқымалы терезені басыңыз, одан кейін Show in Menu Bar параметрін таңдаңыз.
macOS жүйесін қайтадан орнатыңыз. Операциялық жүйе файлдарыңыз тығыздалған жүйе дискісінде жеке файлдарыңыздан бөлек сақталады. Дегенмен, дискіні өшіру немесе байқамай зақымдау сияқты кейбір әрекеттер Mac Studio компьютеріңізді қалпына келтіруіңізді талап етеді. macOS жүйесін қайта орнатуыңызға, одан кейін жеке файлдарыңызды сақтық көшірмеңізден қалпына келтіру үшін Time Machine мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. macOS Big Sur және одан кейінгі жүйеде Mac компьютеріңізді қалпына келтірудің бірнеше жолдары бар. Компьютеріңізбен келген немесе диск зақымдалмастан бұрын пайдаланған нұсқаңызға қарағанда macOS жүйесінің жаңалау нұсқасын орнатуыңыз керек болуы мүмкін. Осы опциялар туралы қосымша мәліметтер алу үшін Барлық файлдарыңызды Time Machine сақтық көшірмесінен қалпына келтіру бөлімін және macOS жүйесін қайта орнату жолы атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Маңызды: Тәжірибелі пайдаланушылар болашақта macOS жүйесін қайта орнату үшін іске қосылатын орнату құралын жасағысы келуі мүмкін. Бұл macOS жүйесінің нақты нұсқасын пайдаланғыңыз келген жағдайда пайдалы болуы мүмкін. macOS жүйесі үшін іске қосылатын орнату құралын жасау жолы атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Қосымша мәліметтер. Файлдарыңызды Time Machine көмегімен сақтық көшірмелеу және Mac компьютерінде Time Machine арқылы ақаулықтарды жою бөлімдерін қараңыз. Mac компьютеріңізді сату, біреуге беру немесе қайта тапсыру алдында орындалатын әрекеттер атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын да қараңыз.