Mac компьютеріңізде скриншот түсіру
Скриншоттар мен экран жазбаларын түсіру үшін қажетті барлық басқару элементтерін табу үшін Screenshot мәзірін шолыңыз. Экран жазу кезінде дауысыңызды да түсіруіңізге болады. Оңтайландырылған жұмыс ағыны экраныңыздың фотолары мен видеоларын түсіруге, одан кейін оларды оңай бөлісуге, өңдеуге немесе сақтауға мүмкіндік береді.
Скриншоттың басқару элементтеріне қол жеткізіңіз. Command-Shift-5 пернелер тіркесімін басыңыз. Бүкіл экранды, таңдалған терезені немесе терезенің бөлігін түсіруіңізге болады. Сондай-ақ, бүкіл экранды немесе экранның таңдалған бөлігін жазуыңызға болады.
Таңдауды түсіру , экраныңызды жазу және т.б. әрекеттерді орындау үшін экранның төменгі жағындағы белгішелерді пайдаланыңыз. Сақтау орныңызды өзгерту, түсірместен бұрын таймерді орнату, микрофонды және дыбыс параметрлерін орнату немесе меңзерді көрсету үшін Options түймесін басыңыз. Скриншот немесе видео түсіру үшін Capture немесе Record түймесін басыңыз.
Скриншотты немесе видеоны түсіргеннен кейін нобай экранның бұрышында пайда болады. Нобайды құжатқа немесе қалтаға сүйреңіз, оны жылдам сақтау үшін оңға қарай сырғытыңыз немесе оны өңдеу немесе бөлісу үшін басыңыз.
Ескертпе: Сондай-ақ, Screenshot қызметтік бағдарламасын Launchpad тақтасындағы Other қалтасынан ашуыңызға немесе Finder терезесіндегі Apps > Utilities қалтасына өтуіңізге болады.
Скриншотыңызды белгілеңіз. Markup құралдарын пайдалану және түсіндірмелер жасау үшін скриншоттың нобайын басыңыз. Белгіленген экраныңызды әріптестеріңізге немесе достарыңызға скришоттың өзінен тікелей жіберу үшін түймесін басуыңызға да болады. Mac компьютерінде файлдарды белгілеу бөлімін қараңыз.
Қосымша мәліметтер. Mac компьютерінде скриншоттар немесе экран жазбаларын түсіру бөлімін қараңыз.