Дисплейді Mac mini компьютеріне қосу
Mac mini компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) порттары мен HDMI 2.0 порты бейне шығысын қолдайды. Mac mini компьютеріңізбен сыртқы дисплейді, проекторды немесе HDTV теледидарын пайдалана аласыз.
Ескертпе: Mac mini компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) порттары екі басқару құрылғысы арқылы басқарылады—біреуі екі сол жақ порт үшін және біреуі екі оң жақ порт үшін. Thunderbolt 3 (USB-C) портын пайдаланып 5K дисплейін қосуыңызға, ал екі Thunderbolt 3 (USB-C) порты мен HDMI 2.0 портын пайдаланып үш 4K дисплейіне дейін қосуыңызға болады.
Бұл құрылғыны Mac mini компьютеріне қосу үшін | Кабельді немесе адаптер мен кабельді пайдаланыңыз |
---|---|
Thunderbolt 3 (USB-C) дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
USB-C дисплейі | USB-C (USB 3.1) кабелі |
HDMI дисплейі немесе HDTV | Дисплейіңізбен немесе HDTV теледидарыңызбен келетін HDMI кабелі |
Thunderbolt 2 дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) - Thunderbolt 2 адаптері және Thunderbolt 2 дисплейіңізбен келген кабель |
VGA дисплейі немесе проектор | USB-C VGA Multiport адаптері және дисплейіңізбен немесе проекторыңызбен келетін кабель |
DisplayPort немесе Mini DisplayPort дисплейі | USB-C - DisplayPort немесе Mini DisplayPort адаптері және дисплейіңізбен келетін кабель |
DVI дисплейі немесе проектор | USB-C - DVI адаптері және дисплейіңізбен немесе проекторыңызбен келетін кабель |
Адаптерлер мен басқа қосалқы құралдар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз.