iOS 13 жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер
Dark Mode Жаңа Dark Mode параметрі бүкіл iOS жүйесінде көмескі жарықты орталар үшін қолайлы әдемі күңгірт түс схемасы сезімін қамтамасыз етеді. Dark Mode параметрін Control Center терезесінен жылдам қосыңыз немесе оны түнде автоматты түрде қосылатын етіп орнатыңыз. Dark Mode режимі қосылған кезде, құрылғыңыздан шыққан жарық айналаңыздағы адамдарға кедергі келтірмейді. iPhone құрылғысында экран жарықтығын және түс балансын реттеу бөлімін қараңыз.
Photos Фотосурет кітапханаңызды күндер, айлар және жылдар бойынша шолыңыз, сонда фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді табу және бөлісу оңай болады. Жылжытқан кезіңізде Live Photo суреттері мен бейнелері ойнатылып, фотосурет кітапханаңызды жандандырады. Қайта жасақталған өңдеу құралдары фотосуреттеріңізге өзгертулер қолдануыңызды және ол өзгертулердің жасалған жерлерін бір қарағаннан көруіңізді оңайлатады. Фотосуреттер мен бейнелерді қарау және Фотосуреттер мен бейнелерді өңдеу бөлімдерін қараңыз.
Camera Portrait Lighting енді әрбір студия жарығы әсерінің қарқындылығын виртуалды түрде реттеуіңізге мүмкіндік береді. Қолдау көрсетілген үлгілерде жаңа Portrait Lighting әсері High-Key Light Mono ақ өңде сұр түсті нысанмен әдемі көрініс жасайды. Portrait режиміндегі фотосуреттерді iPhone камерасымен түсіру бөлімін қараңыз.
Maps Жаңадан қайта құрастырылған Maps қолданбасы жолдар, жағажайлар, саябақтар және ғимараттар үшін шынайы мәліметтерді қамтиды. Жетпестен бұрын қайда бара жатқаныңызды Look Around көмегімен шолыңыз, сүйікті орындарыңыздың жинақтарын құрастырыңыз және шамаланған келу уақытыңызды бөлісіңіз және т.б. әрекеттерді орындаңыз. Maps қолданбасында айналаны қарау, Maps қолданбасында жинақтар жасау және Share your ETA бөлімдерін қараңыз.
Apple идентификаторымен кіру Қолданбалар мен веб-тораптарға сізде бұрыннан бар Apple ID идентификаторын пайдаланып жылдам және оңай кіріңіз. Пішіндер толтырудың немесе жаңа құпия сөздер жасаудың қажеті жоқ—тек кез келген қатысты қолданбада немесе веб-торапта Sign in with Apple түймесін түртіңіз, кіруді аяқтау үшін Face ID немесе Touch ID функциясын пайдаланыңыз, солай барлығын орнатасыз. Apple профайлыңызды бақыламайды және Apple ID идентификаторыңызды екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігімен қорғайды. Apple идентификаторымен кіру бөлімін қараңыз.
Siri Жаңа Siri дауысы керемет табиғи шығады, әсіресе ұзын тіркестерді айту кезінде. Siri көмекшісі жекелендірілген ұсыныстарды Podcasts, Safari және Maps қолданбаларында іздегенде де ұсынады және Messages қолданбасында еске салғыштарды анықтай алады. Siri көмекшісінен сұрау бөлімін қараңыз.
Animoji және Memoji Үш жаңа Animoji кейіпкері—тышқан, сегізаяқ және сиыр—өзіңіздің ойыңызды жеткізу үшін көбірек таңдаулар береді. Жаңа шаш үлгілерімен, бас киіммен, мейкаппен және пирсингтермен жеке триллионға бір Memoji кейіпкеріңізді жасаңыз. Messages қолданбасында көптеген көңіл-күйлерді жеткізуіңізге мүмкіндік беретін Animoji және Memoji кейіпкерлеріңізге негізделген стикер бумаларын автоматты түрде жасаңыз. Messages қолданбасында Animoji және Memoji функцияларын пайдалану бөлімін қараңыз.
Messages Сөйлесуді бастаған кезіңізде атыңыз бен фотосуреттеріңізді автоматты түрде бөлісіңіз. Animoji кейіпкерін, суретті немесе фотосуретіңіз үшін монограмманы пайдалануыңызға болады. Messages қолданбасындағы атыңыз бен фотосуретіңізді өңдеу бөлімін қараңыз.
Хабарларды жариялау (iOS 13.2) AirPods Pro, AirPods құлақаспаптарын (2-буын) немесе басқа қолдау көрсетілетін құлақаспаптарды таққаныңызда, Siri келген хабарларды оқи алады және Siri жіберу үшін жауабыңызды айтуыңызға болады. Хабарларды тыңдау және оларға жауап беру бөлімін қараңыз.
Байланыс шектерін орнату (iOS 13.3) Screen Time параметрін күні бойы және үзіліс кезінде балаларыңыз сөйлесе алатын адамдарды—және олармен сөйлесе алатын адамдарды—шектеу үшін орнатыңыз. Жанұя мүшесінің құрылғысында байланыс шектерін орнату бөлімін қараңыз.
App StoreiPhone, iPad, iPod touch құрылғыларында, Mac компьютерінде және Apple TV теледидарында жаңа ойындарға қатынау рұқсатын беретін Apple Arcade қызметіне (барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді) жазылыңыз. Жалғыз жазылыммен кез келген Apple Arcade ойынын App Store дүкенінен жарнамаларсыз немесе қосымша төлемсіз жүктеп алуыңызға және ойнатуыңызға болады. Қолданбаларды, ойындарды және қаріптерді App Store дүкенінен алу бөлімін қараңыз.
Apple TV+ Жазылыңыз және жаңа, әрі эксклюзивті Apple түпнұсқаларын жарнамасыз және талап бойынша қараңыз. Apple TV+ қызметін (барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді) iPhone, iPad, iPod touch құрылғыларыңыздағы, Mac компьютеріңіздегі, Apple TV теледидарыңыздағы және қолдау көрсетілген смарт теледидарлардағы және ағынмен жіберу құрылғыларындағы TV қолданбасында қараңыз. TV қолданбасын орнату бөлімін қараңыз.
Fonts iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларында жасаған құжаттарыңызда пайдалану үшін қаріптерді App Store дүкенінен алуыңызға болады. Қаріптерді орнату бөлімін қараңыз.
Keyboard Бір әріптен келесісіне саусағыңызды сырғыту арқылы сөзді енгізу үшін QuickPath мүмкіндігін (барлық тілдер үшін қолжетімді бола бермейді) пайдаланыңыз. Пернетақта сызған жолыңызды таниды және бір қолмен теруді оңайлатып оны сіз үшін түрлендіреді. Экрандағы пернетақтаны пайдаланып мәтінді енгізу бөлімін қараңыз.
Audio Sharing Тыңдап жатқан нәрсеңізді AirPods құлақаспаптарын немесе үйлесімді Beats құлақаспаптарын немесе құлаққаптарын тағып тұрған доспен бөлісіңіз. Дыбысты AirPods және Beats құлақаспаптарымен бөлісу бөлімін қараңыз.
Health Жекелендірілген Health қолданбасы сіз үшін маңызды ақпаратқа қатынауды бұрынғыдан да оңайлатады. Жаңа Cycle Tracking параметрімен менструалдық цикліңізді бақылауыңызға, ұрықтылық хабарландыруларыңызды орнатуыңызға және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады. Денсаулық және фитнес ақпаратын қарау және Менструалдық цикліңізді бақылау бөлімдерін қараңыз.
Medical ID картаңызға төтенше жағдайда қатынау (iOS 13.5) 911 нөміріне қоңырау шалғанда немесе хабар жібергенде, не болмаса iPhone немесе Apple Watch құрылғыңызда (тек АҚШ) Emergency SOS параметрін пайдаланған кезде Medical ID ақпаратыңыздың төтенше жағдайда қызмет көрсету орталықтарына автоматты түрде жіберілуіне рұқсат етуіңізге болады. iPhone құрылғысындағы Health қолданбасында Medical ID картаңызды жасау және бөлісу бөлімін қараңыз.
Reminders Жап-жаңа Reminders қолданбасы еске салғыштарды жасауды және ұйымдастыруды одан әрі оңайлатады. Жылдам құралдар тақтасын күндерді, уақыттарды, орындарды, жалаушаларды, фотосуреттер мен керек десеңіз, сканерленген құжаттарды еске салғыштарыңызға қосу үшін пайдаланыңыз. Еске салғыштарды орнату бөлімін қараңыз.
Shortcuts Shortcuts қолданбасы енді iOS 13 жүйесіне кірістірілген және барлық таңбашаларыңыздың орны болып табылады. Күніңізді жеңілдетуіңізге көмектесу үшін жекелендірілген күнделікті күн тәртібін қосу арқылы Shortcuts қолданбасымен жұмысты бастаңыз. Shortcuts қолданбасының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
HomeKit Secure Video (iOS 13.2) Үйіңіздегі қауіпсіздік камераларынан бейне жазба толығымен шифрланады және iCloud қызметінде сенімді сақталады. Тек сіз бен бейне жазбаны бөліскен адамдарыңыз оны қарай алады. Home қолданбасында қауіпсіздік камераларын орнату бөлімін қараңыз.
CarPlay Жап-жаңа CarPlay тақтасы карталарды, дыбысты басқару элементтерін және Siri ұсыныстарын бақылау үшін жалғыз орын береді. Күнді алдын ала қарау үшін Calendar қолданбасын оңай қараңыз, одан кейін бағыттар үшін немесе жиналысқа қоңырау шалу үшін түртіңіз. CarPlay жүйесі мен iPhone құрылғысына кіріспе бөлімін қараңыз.
Өнімділік Face ID құрылғыңыздың құлпын iOS 13 жүйесінде 30 пайызға дейін жылдам ашады. Қолданбалар екі есе жылдам ашылады және App Store дүкенінен қолданбалар оларды 50 пайызға дейін кішірек ететін жолмен оралған.
Құпиялылық және қауіпсіздік Қолданбалармен бөлісетін орын деректеріңізді басқарыңыз. Қолданбаға орныңызға бір рет немесе оны пайдаланған уақытта қатынауға рұқсат беруді таңдауыңызға болады. Өңде орныңызды пайдаланып жатқан қолданба туралы ескертулер алған кезіңізде рұқсаттарыңызды жаңарту керек не керек еместігін шеше аласыз. Орныңызды білетін қолданбаларды орнату бөлімін қараңыз.
Батарея туралы ақпарат Жаңа параметр iPhone құрылғыңыз толық зарядталған күйде жұмсайтын уақытты азайту арқылы батареяның ескіру жылдамдығын баяулатуға көмектеседі. Батареяны зарядтауды оңтайландыру бөлімін қараңыз.
iOS 13 үшін әдістерді үйрену Tips қолданбасы iPhone құрылғыңызды барынша пайдалануыңыз үшін жаңа ұсыныстарды жиі қосады. Кеңестер алу бөлімін қараңыз.
Ескертпе: Жаңа мүмкіндіктер мен қолданбалар iPhone құрылғыңыздың үлгісіне, аймағыңызға, тіліңізге және байланыс операторыңызға байланысты басқаша болуы мүмкін.