iPhone құрылғысында Apple ID идентификаторыңызды одан әрі қауіпсіз ету
Екі факторлы түпнұсқалықты растау басқа біреу Apple ID құпия сөзіңізді білсе де, Apple ID тіркелгіңізге тек сіз қатынай алуыңызды қамтамасыз етеді. Екі факторлы түпнұсқалықты растау iOS 9 және одан кейінгі және OS X 10.11 және одан кейінгі жүйелерге кірістірілген.
Екі факторлы түпнұсқалықты растаудың жұмыс істеу жолы туралы ақпаратты Apple ID үшін екі факторлы түпнұсқалықты растау атты Apple Support мақаласынан қараңыз.
Ескертпе: Екі қадамдық растауды пайдалансаңыз және iOS 11 немесе одан кейінгі жүйесіне жаңартсаңыз, тіркелгіңіз екі факторлы түпнұсқалықты растауды пайдалану үшін көшірілуі мүмкін. Екі қадамдық растаудан екі факторлы түпнұсқалықты растауға ауысу атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Екі факторлы түпнұсқалықты растауды қосу
Settings > [your name] > Password & Security тармағына өтіңіз.
Turn On Two-Factor Authentication түймесін, одан кейін Continue түймесін түртіңіз.
Сенімді телефон нөмірін, екі факторлы түпнұсқалықты растау үшін растау кодтарыңызды алғыңыз келетін телефон нөмірін енгізіңіз (ол iPhone құрылғыңыздың нөмірі бола алады).
Кодтарды мәтіндік хабар немесе автоматтандырылған телефон қоңырауы арқылы алуды таңдауыңызға болады.
Next түймесін түртіңіз.
Сенімді телефон нөміріңізге жіберілген растау кодын енгізіңіз.
Растау кодын жіберу немесе қайта жіберу үшін «Didn’t get a verification code?» түймесін түртіңіз.
Толығымен шығып кетпесеңіз, iPhone құрылғыңызды өшірмесеңіз, Safari шолғышында Apple ID тіркелгі бетіне кірмесеңіз немесе қауіпсіздік себептері үшін Apple ID құпия сөзін өзгерту керек болмаса, iPhone құрылғыңызда растау коды қайтадан сұралмайды.
iOS жүйесінің ең соңғы нұсқасындағы белгілі бір мүмкіндіктер ақпаратыңызды қорғау үшін жасалған екі факторлы түпнұсқалықты растау қауіпсіздігін талап етеді. Екі факторлы түпнұсқалықты растауды қосқаннан кейін тіркеуден бас тартуыңыз үшін екі апталық мерзіміңіз болады. Ол мерзімнен кейін екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігін өшіре алмайсыз. Тіркеуден бас тарту үшін тіркеуді растау электрондық пошта хабарыңызды ашыңыз және алдыңғы қауіпсіздік параметрлеріңізге оралу үшін сілтемені басыңыз. Тіркеуден бас тарту тіркелгіңіздің қауіпсіздігін азайтатынын және қауіпсіздіктің жоғары деңгейін талап ететін мүмкіндіктерді пайдалана алмайтыныңызды білдіретінін есте сақтаңыз.
Басқа iOS құрылғысын (iOS 9 немесе одан кейінгі) немесе Mac компьютерін (OS X немесе одан кейінгі) сенімді құрылғы ретінде қосу
Бір құрылғыда екі факторлы түпнұсқалықты растау қосылғаннан кейін басқа құрылғыда iCloud қызметіне кіру үшін бірдей Apple ID идентификаторын пайдаланыңыз.
Бұрын кірген болсаңыз да, қайтадан кіріңіз. (iOS құрылғысында Settings > [your name] тармағына өтіңіз. Mac компьютерінде Apple мәзірі System Preferences > iCloud тармағын таңдаңыз.)
Алты санды растау коды сұралғанда келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Растау кодын iPhone құрылғыңызда немесе Интернетке қосылған басқа сенімді құрылғыда алу: Сол құрылғыда хабарландыруды іздеңіз, одан кейін кодты сол құрылғыда пайда болғызу үшін Allow түймесін түртіңіз немесе басыңыз. (Сенімді құрылғы — екі факторлы түпнұсқалықты растау қосылып қойған және iCloud қызметіне Apple ID идентификаторыңызбен кірген басқа iOS құрылғысы немесе Mac компьютері.)
Растау кодын сенімді телефон нөмірінде алу: Сенімді құрылғы қолжетімді болмаса, «Didn’t get a verification code?» түймесін түртіңіз, одан кейін телефон нөмірін таңдаңыз.
Растау кодын офлайн күйдегі сенімді құрылғыда алау: Сенімді iOS құрылғысында Settings > [your name] > Password & Security тармағына өтіңіз, одан кейін Get Verification Code түймесін түртіңіз. Сенімді Mac компьютерінде Apple мәзірі > System Preferences > iCloud > Account Details > Security тармағына өтіңіз, одан кейін Get Verification Code түймесін басыңыз.
Жаңа құрылғыда растау кодын енгізіңіз.
Толығымен шығып кетпесеңіз, құрылғыңызды өшірмесеңіз, Safari шолғышында Apple ID тіркелгі бетіне кірмесеңіз немесе қауіпсіздік себептері үшін Apple ID құпия сөзін өзгерту керек болмаса, растау коды қайтадан сұралмайды.
Сенімді телефон нөмірін қосу немесе жою
Екі факторлы түпнұсқалықты растауды тіркегеніңізде бір сенімді телефон нөмірін растауыңыз керек. Сондай-ақ, үй телефоны немесе жанұя мүшесі немесе жақын досыңыз пайдаланатын нөмір сияқты қатынай алатын басқа телефон нөмірлерін қосуды да қарастыруыңыз керек.
Settings > [your name] > Password & Security тармағына өтіңіз.
Edit түймесін (сенімді телефон нөмірлерінің тізімінің үстінде) түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Нөмір қосу: Add a Trusted Phone Number түймесін түртіңіз.
Нөмірді жою: Телефон нөмірінің жанындағы түймесін түртіңіз.
Сенімді телефон нөмірлері растау кодтарын автоматты түрде алмайды. Екі факторлы түпнұсқалықты растау үшін жаңа құрылғыны орнату кезінде ешқандай сенімді құрылғыларға қатынай алмасаңыз, жаңа құрылғыда «Didn’t get a verification code?» түймесін түртіңіз, одан кейін растау кодын алу үшін сенімді телефон нөмірлерінің біреуін таңдаңыз.
Сенімді құрылғыларды қарау немесе жою
Settings > [your name] тармағына өтіңіз.
Apple ID идентификаторымен байланыстырылған құрылғылар тізімі экранның төменгі жағында пайда болады.
Тізімдегі құрылғының сенімді екенін көру үшін оны түртіңіз, одан кейін «This device is trusted and can receive Apple ID verification codes» жазбасын іздеңіз.
Құрылғыны жою үшін оны түртіңіз, одан кейін Remove from Account түймесін түртіңіз.
Apple ID тіркелгіңізге кіретін қолданба үшін құпия сөз жасау
Екі факторлы түпнұсқалықты растаумен сізге электрондық пошта, контактілер немесе күнтізбе қолданбасы сияқты үшінші тарап қолданбасынан немесе қызметінен Apple ID тіркелгіңізге кіру үшін қолданбаға арналған құпия сөз керек. Қолданбаға арналған құпия сөзді жасағаннан кейін оны қолданбадан Apple ID тіркелгіңізге кіру үшін және iCloud қызметіне сақтаған ақпаратыңызға қатынау үшін пайдаланыңыз.
Apple ID тіркелгіңізге кіріңіз.
Generate Password түймесін (App-Specific Passwords түймесінің төменгі жағында) түртіңіз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қолданбаға арналған құпия сөзді жасағаннан кейін әдеттегідей оны қолданбаның құпия сөз өрісіне енгізіңіз немесе қойыңыз.
Қосымша ақпаратты Қолданбаға арналған құпия сөздерді пайдалану атты Apple Support мақаласынан қараңыз.