Family Sharing мүшелерінің түрлері
Family Sharing тобының мүшелері өздерінің жастарына байланысты түрлі рөлдерді иелене алады.
Ескертпе: Біреу ересек немесе бала ретінде қарастырылатын жас елге немесе аймаққа қарай әртүрлі болады.
Ұйымдастырушы: Family Sharing тобын орнататын ересек адам. Ұйымдастырушы жанұя мүшелерін шақыра алады, оларды топтан шығарып тастай алады және топты тарата алады.
Ересек адам: Family Sharing тобының 18 жастағы немесе одан үлкен мүшесі.
Ата-ана/Қамқоршы: Family Sharing тобының ересек мүшесі, ол топтағы балалар үшін ата-аналық бақылауларды басқаруға көмектесе алады. Ұйымдастырушы ересек адамды Family Sharing тобына қосқан кезде, ол оларды ата-ана немесе қамқоршы ретінде тағайындай алады.
Бала немесе жасөспірім: Family Sharing тобының 18 жасқа толмаған мүшесі. Ұйымдастырушы, ата-ана немесе қамқоршы өзінің жеке идентификаторын жасау үшін тым жас болып табылатын бала үшін Apple ID жасай алады. Балаңыз үшін Apple ID жасау атты Apple Support мақаласын қараңыз.