«Экран уақыты» параметрін қосу
«Реттеулер» > «Экран уақыты» тармағына өтіңіз.
«Экран уақыты функциясын қосу» түймесін, одан кейін «Жалғастыру» түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғыңызда «Экран уақыты» параметрін өзіңіз үшін орнатып жатсаңыз,«Бұл - менің iPhone құрылғым» түймесін түртіңіз.
«Экран уақыты» функциясын балаңыз (немесе жанұя мүшеңіз) үшін орнатып жатсаңыз, «Бұл — баламның iPhone құрылғысы» түймесін түртіңіз.
«Экран уақыты» функциясын барлық Apple құрылғыларыңызда пайдалану үшін жоғары сипаңыз, одан кейін «Барлық құрылғыда ортақ пайдалану» параметрін қосыңыз.