Mac компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңызды қосу үшін Bluetooth функциясын пайдалану
macOS 13 немесе одан кейінгі жүйе: Apple мәзірі > «System Settings» тармағын таңдаңыз, одан кейін бүйірлік жолақтағы Bluetooth® түймесін басыңыз. (Төменге жылжуыңыз керек болуы мүмкін.) Оң жақта Bluetooth параметрін қосыңыз (ол әлі қосулы болмаса). Оң жақта iPhone құрылғыңызды таңдаңыз, одан кейін «Қосу» түймесін басыңыз.
macOS 12.5 немесе оған дейінгі: Apple мәзірі > «System Preferences» тармағын таңдаңыз, одан кейін «Bluetooth» түймесін басыңыз. Bluetooth функциясы қосылмаған болса, «Bluetooth функциясын қосу» түймесін басыңыз. iPhone құрылғыңызды таңдаңыз, одан кейін «Қосылу» түймесін басыңыз.