Екі факторлы аутентификация
Apple аккаунтыңызды iOS 13.4, iPadOS 13.4, macOS 10.15.4 немесе одан кейінгі жүйе бар құрылғыда жасасаңыз, аккаунтыңыз екі факторлы аутентификацияны автоматты түрде пайдаланады.
Apple аккаунты үшін eкі факторлы аутентификация iOS 9, iPadOS 13, OS X 10.11 немесе одан кейінгі жүйелерде қолжетімді. Бұрын Apple аккаунтыңызды eкі факторлы аутентификация мүмкіндігінсіз жасаған болсаңыз, eкі факторлы аутентификация мүмкіндігін қосу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
«Реттеулер» > [атыңыз] > «Кіру және қауіпсіздік» тармағына өтіңіз.
«Екі факторлы аутентификацияны қосу» түймесін түртіңіз, одан кейін онлайн нұсқауларды орындаңыз.
Екі факторлы аутентификация мүмкіндігі басқалардың Apple аккаунтыңызға кіруіне жол бермеуге көмектеседі (олар Apple аккаунтыңыздың құпиясөзін білсе де) және iOS, iPadOS пен macOS жүйелеріндегі кейбір мүмкіндіктер екі факторлы аутентификация қауіпсіздігін талап етеді. Екі факторлы аутентификация қосулы кезде аккаунтыңызға сенімді құрылғыны пайдалану арқылы тек сіз кіре аласыз. Жаңа құрылғыға бірінші рет кірген кезіңізде екі ақпарат беруіңіз керек—Apple аккаунтыңыздың құпиясөзі және телефон нөміріңізге автоматты түрде жіберілетін немесе сенімді құрылғыларыңызда көрсетілетін алты санды растау кодыңыз. Кодты енгізу арқылы жаңа құрылғыға сенетініңізді растайсыз.