iMac негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
iMac мүмкіндіктерінің жылдам кіріспесін алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
iMac компьютерінің артындағы қуат түймесін басыңыз, Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істейді.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және iMac компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.
iMac компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
Шығармашылыққа ерік беріңіз
iMac компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз. Музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Көрсетілімдер жасаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды табыңыз.
Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
macOS жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер, қосылған қолданбалар және iMac компьютеріңіз туралы ақпарат алыңыз.
iMac компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер туралы мәліметтер алыңыз
iMac негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.
Көбірек көмек керек болса, iMac Support веб-торабына кіріңіз.