iMac компьютерін шолып шығыңыз
Ескертпе: Бұл нұсқаулық ағымдағы 21,5 дюймдік және 27 дюймдік iMac компьютеріне арналған. Сізде қандай iMac компьютері бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілерге арналған ақпарат пен құжатты табу үшін iMac компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
iMac компьютеріне келесі мүмкіндіктер кірістірілген:
3,5 мм құлақаспап ұясы: Фильмдер қарау, сүйікті музыкаңызды тыңдау немесе телефон қоңырауларын шалу кезінде жоғары сапалы дыбысты тыңдау үшін стерео құлақаспаптарды немесе микрофоны бар Apple iPhone гарнитурасын қосыңыз.
SDXC картасының ұясы: Фотосуреттерді, бейнелерді және деректерді iMac компьютеріңізге және одан жоғары сыйымдылықты SD карталарымен тасымалдаңыз.
USB-A порттары: iPad, iPhone, iPod құрылғысын, сандық камераны, бейнекамераны, сыртқы сақтау құрылғысын немесе принтерді қосыңыз. iMac USB-A порттары USB 3 және USB 2 құрылғыларын қолдайды.
Thunderbolt 3 (USB-C) порттары: Thunderbolt 3 және USB-C құрылғыларын немесе дисплейлерін қосыңыз. Не болмаса, Thunderbolt 2 сыртқы құрылғыларын, дисплейді немесе проекторды және т.б. қосу үшін адаптерді пайдаланыңыз. Сыртқы дисплейлерді iMac компьютеріңізге қосу туралы қосымша ақпаратты Сыртқы дисплейді iMac компьютеріңізге қосу бөлімінен қараңыз.
Гигабит Ethernet порты немесе 10 Гигабит Ethernet (RJ-45) порты: Интернетке қосылу үшін маршрутизаторды немесе модемді қосыңыз немесе файлдарды Wi-Fi желісін пайдаланбай тасымалдау үшін басқа компьютерге қосылыңыз. 27 дюймдік iMac компьютеріңізде жылдам байланыс жылдамдығын қамтамасыз ететін 10 Гигабит Ethernet портын теңшеу опциясы бар.
АТ қуат сымы: Қуат сымын тіректегі тесік арқылы өткізіңіз, оны iMac компьютеріндегі қуат портына қосыңыз, одан кейін сымды қуат розеткасына қосыңыз.
Қуат түймесі: iMac компьютеріңізді қосу үшін басыңыз. (iMac компьютеріңізді өшіру үшін Apple мәзірі > Shut Down тармағын таңдаңыз, ал оны ұйқы режиміне қою үшін Apple мәзірі > Sleep тармағын таңдаңыз.)
Дисплей: 21,5 дюймдік iMac компьютерінде үлгіге байланысты Retina 4K дисплейі немесе ЖШД артқы жарықты дисплей бар. 27 дюймдік iMac компьютеріңізде True Tone® мүмкіндігі бар Retina 5K дисплейі бар. True Tone технологиясы дисплейіңіздің түсін табиғи қарау тәжірибесі үшін қоршаған ортаңыздың жарығына сәйкестендіру үшін автоматты түрде бейімдейді. System Preferences терезесінің Displays тақтасындағы True Tone параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Ескертпе: 27 дюймдік iMac компьютерінде сурет контрастын сақтай отырып жылтырауды азайтатын нано құрылымды шыныны теңшеу опциясы бар. Оны тек берілген жылтыратқыш шүберекті пайдаланып тазалаңыз. Mac компьютеріңізге арналған маңызды ұстау ақпараты бөлімін қараңыз.
FaceTime HD камерасы (27 дюймдік үлгідегі 1080p FaceTime HD камерасы): FaceTime бейне қоңырауларын шалыңыз немесе суреттер мен бейне түсіріңіз. Шам жанып тұрса, камераның қосулы болғаны. FaceTime бөлімін қараңыз.
Динамиктер мен микрофондар: 21,5 дюмдік және 27 дюймдік модельдер FaceTime, Siri және бейнеконференция үшін кірістірілген стерео динамиктерді және микрофондарды қамтиды. 27 дюймдік iMac компьютерінде микрофон массиві подкастілер, дауыстық жазбалар, жанды музыка және көптеген басқа нәрселер үшін студио сапалы жазбаларды жеткізеді.