iMac компьютерін шолып шығыңыз
Ескертпе: Бұл нұсқаулық 21,5 дюймдік және 27 дюймдік iMac компьютеріне арналған. Сізде қандай iMac компьютері бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілер туралы ақпарат алу үшін iMac компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
iMac компьютеріне келесі мүмкіндіктер кірістірілген:
3,5 мм құлақаспап ұясы: Фильмдер қарау, сүйікті музыкаңызды тыңдау немесе телефон қоңырауларын шалу кезінде жоғары сапалы дыбысты тыңдау үшін стерео құлақаспаптарды немесе микрофоны бар Apple iPhone гарнитурасын қосыңыз.
SDXC картасының ұясы: Фотосуреттерді, бейнелерді және деректерді iMac компьютеріңізге және одан жоғары сыйымдылықты SD карталарымен тасымалдаңыз.
USB 3 порттары: iPad, iPhone, iPod құрылғысын, сандық камераны, бейнекамераны, сыртқы сақтау құрылғысын немесе басып шығарғышты жылдам және оңай қосыңыз. iMac USB 3 порттары USB 3 және USB 2 құрылғыларын қолдайды.
Thunderbolt 3 (USB-C) порттары: Thunderbolt 3 және USB-C құрылғыларын немесе дисплейлерін қосыңыз. Не болмаса, Thunderbolt 2 сыртқы құрылғыларын, дисплейді немесе проекторды және т.б. қосу үшін адаптерді пайдаланыңыз.
Gigabit Ethernet порты: Интернетке қосылу үшін маршрутизаторды немесе модемді қосыңыз немесе файлдарды Wi-Fi желісін пайдаланбай тасымалдау үшін басқа компьютерге қосылыңыз.
АТ қуат сымы: Қуат сымын тіректегі тесік арқылы өткізіңіз, оны iMac компьютеріндегі қуат портына қосыңыз, одан кейін сымды қуат розеткасына қосыңыз.
Power түймесі: iMac компьютеріңізді қосу үшін басыңыз. (iMac компьютеріңізді өшіру үшін Apple мәзірі > Shut Down тармағын таңдаңыз, ал оны ұйқы режиміне қою үшін Apple мәзірі > Sleep тармағын таңдаңыз.)
Дисплей: 27 дюймдік iMac үлгілерінде Retina 5K дисплейі бар. 21,5 дюймдік iMac компьютерінде үлгіге байланысты Retina 4K дисплейі немесе ЖШД артқы жарықты дисплей бар.
FaceTime HD камерасы: Дисплейдің жоғарғы жағындағы камерамен FaceTime бейне қоңырауларын шалыңыз немесе суреттер мен бейне түсіріңіз. Шам жанып тұрса, камераның қосулы болғаны. FaceTime бөлімін қараңыз.
Динамиктер мен микрофондар: Төрт кірістірілген микрофонды пайдаланып қажетсіз шуды кетіріңіз және дауысыңызды күшейтіңіз. Стерео динамиктермен бірге, микрофондар FaceTime және бейне конференция тәжірибеңізді жақсарту үшін жұмыс істейді. Mac компьютеріңіздегі Siri көмекшісі бөлімін қараңыз.