Mac компьютеріңіздегі телефон қоңыраулары мен мәтіндік хабарлар
Қоңырауларды iMac компьютеріңізден тікелей қабылдауыңызға—шалуыңызға болады. Сондай-ақ, мәтіндік хабарларды алуыңызға және жіберуіңізге болады.
Ескертпе: iMac компьютеріңізде телефон қоңырауларын шалу немесе қабылдау үшін Интернет және Wi-Fi қосылымдары қажет.
Қоңырау қабылдаңыз немесе шалыңыз. iPhone құрылғыңызға біреу қоңырау шалғанда iMac экранында пайда болатын хабарландыруды басыңыз, сонда iMac компьютеріңіз спикерфонға айналады. Қоңырау шалғыңыз келсе, телефон нөмірін Spotlight search өрісінде немесе FaceTime, Contacts, Safari немесе Calendar сияқты қолданбада басыңыз. Телефон қоңырауларын шалу үшін сізге ұялы қосылымы бар жақын құрылғы (iPhone немесе iPad) қажет.
Хабарлар жіберу және қабылдау. Mac компьютерін, iOS құрылғыларын, iPadOS құрылғыларын жәнеё Apple Watch құрылғысын пайдаланатын достарға шексіз хабарлар жіберу үшін iMessage қызметін пайдаланыңыз. SMS немесе MMS мәтіндік хабарларын тікелей iMac компьютеріңізден жіберіңіз және қабылдаңыз. Достарыңыз бен жанұяңыз сізге хабар жібергенде, ең жақын жердегі құрылғымен жауап бере аласыз. Барлық хабарлар iMac, iPhone, iPad, iPod touch және Apple Watch құрылғыларыңызда пайда болады. Хабарлар бөлімін қараңыз.
Қосымша мәліметтер. FaceTime қолданбасының пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріндегі FaceTime қолданбасында телефон қоңырауларын шалу және қабылдау бөлімін және Messages қолданбасының пайдаланушы нұсқаулығындағы iPhone құрылғысын Mac компьютерінде SMS хабарларын алатын етіп орнату бөлімін қараңыз.