Сыртқы дисплейді iMac компьютеріңізге қосу
Сыртқы дисплейді, проекторды немесе HDTV теледидарын iMac компьютеріңіздегі бейне шығысын қолдайтын порттарға қоса аласыз.
Бір сыртқы дисплейді (6K пішіміне дейін), бір проекторды немесе HDTV теледидарын 24 дюймдік iMac компьютеріндегі екі Thunderbolt / USB 4 портының біреуіне қосуыңызға болады. Порттар туралы қосымша ақпаратты Шолып шығыңыз: iMac бөлімінен қараңыз.
Ескертпе: Бірнеше құрылғыны бір портқа қоссаңыз және құрылғылардың біреуі сыртқы монитор болса, монитор қосылымдағы соңғы құрылғы болуы тиіс. Бұл бірнеше портты адаптерді немесе шоғырлағышты пайдаланғанда қолданылмайды.
Кеңес: Apple TV теледидарына қосылған HDTV теледидарыңыз болса, iMac экранын 1080p HD мәніне дейінгі ажыратымдылықта көрсету үшін AirPlay мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Мәліметтерді Контентті үлкен экранда AirPlay арқылы ағынмен жіберу бөлімінен қараңыз.
Мониторыңыздың қосқышы пайдаланғыңыз келетін портқа сәйкес келмесе, оны адаптермен (бөлек сатылады) пайдалануыңызға болады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com сайтына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін монитордың құжаттамасын қарап шығыңыз немесе монитор өндірушісінен сұраңыз. Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt 4, Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Осы құрылғыны қосу үшін | Мына кабельді немесе адаптерді пайдаланыңыз |
---|---|
Apple Pro Display XDR | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
Thunderbolt 3 (USB-C) дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) кабелі |
USB-C дисплейі | USB-C (USB 3.1) кабелі |
Thunderbolt 2 дисплейі | Thunderbolt 3 (USB-C) to Thunderbolt 2 адаптері |
HDMI дисплейі немесе HDTV | USB-C to HDMI адаптері немесе USB-C Digital AV Multiport адаптері. |
VGA дисплейі немесе проектор | USB-C VGA Multiport адаптері |
DisplayPort немесе Mini DisplayPort дисплейі | USB-C to DisplayPort немесе Mini DisplayPort адаптері |
DVI дисплейі немесе проектор | USB-C to DVI адаптері |
Дисплейлерді реттеңіз. Сыртқы мониторды немесе проекторды қосқаннан кейін, мониторлардың реттелу жолын орнату, экранды көрсетуді қосу немесе өшіру және түске, ажыратымдылыққа және т.б. басқа реттеулер жасау үшін System Settings терезесіндегі Displays settings параметрін пайдаланыңыз. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Мониторды Mac компьютеріне қосу бөлімін қараңыз.
Ақаулықтарды жою. iMac компьютеріңіздің қанша сыртқы мониторды қолдайтынын білмесеңіз, «Техникалық сипаттамалар» бөлімін қараңыз. System Settings терезесін ашыңыз, Help > iMac Specifications тармағын таңдаңыз, одан кейін Video Support параметрін табыңыз (төменге айналдыруыңыз керек болуы мүмкін). Сыртқы мониторлармен ақауды жою үшін Mac компьютеріңізге қосылған сыртқы мониторлардағы бейне ақаулары бойынша көмек алу бөлімін қараңыз.