Mac компьютеріңізде Handoff мүмкіндігін пайдалану
Handoff көмегімен бір құрылғыда тоқтаған жеріңізден екінші құрылғыда жалғастыра аласыз. iMac компьютеріңізде көрсетілімде жұмыс істеңіз, одан кейін iPad құрылғысында жалғастырыңыз. Не болмаса, электрондық пошта хабарын iPhone құрылғысында бастап, одан кейін оны iMac компьютеріңізде аяқтаңыз. Хабарды Apple Watch құрылғыңызда қарап, оған iMac компьютерінде жауап беріңіз. Файлдарды тасымалдауды уайымдамасаңыз болады. iMac компьютеріңіз бен құрылғыларыңыз бір-біріне жақын болғанда, әрекет орындалған кезде Dock тақтасында белгіше пайда болады; жалғастыру үшін жай ғана белгішені басыңыз.
Ескертпе: Handoff мүмкіндігін пайдалану үшін сізге iOS 8 немесе одан кейінгі жүйесі бар iPhone не iPod touch немесе iPadOS жүйесі орнатылған iPad құрылғысы керек. iMac компьютеріңізде, iOS құрылғыңызда немесе iPadOS құрылғыңызда Wi-Fi желісі мен Bluetooth қызметінің қосылғанын және олардың бір Apple ID идентификаторымен кіргенін тексеріңіз.
iMac компьютеріңізде Handoff мүмкіндігін қосыңыз. System Preferences терезесін ашыңыз, General түймесін басыңыз, одан кейін «Allow Handoff between this Mac and your iCloud devices» параметрін таңдаңыз.
iOS немесе iPadOS құрылғыңызда Handoff параметрін қосыңыз. Settings > General > Handoff тармағына өтіңіз, одан кейін Handoff мүмкіндігін қосу үшін түртіңіз. Егер параметрді көрмесеңіз, құрылғыңыз Handoff мүмкіндігін қолдамайды.
Apple Watch құрылғыңызда Handoff мүмкіндігін қосыңыз. iPhone құрылғысындағы Apple Watch қолданбасында Settings > General тармағына өтіңіз, одан кейін Enable Handoff параметрін қосу үшін түртіңіз.
Handoff мүмкіндігі Safari, Mail, Calendar, Contacts, Maps, Messages, Notes, Reminders, Keynote, Numbers және Pages қолданбаларымен жұмыс істейді.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Handoff көмегімен тоқтаған жеріңізден жалғастыру бөлімін қараңыз.