24 дюймдік iMac компьютеріне арналған Magic Keyboard
24 дюймдік iMac компьютеріңізбен берілген сымсыз Magic Keyboard пернетақтасында эмодзиді енгізуді, пернетақта тілдерін ауыстыруды, iMac компьютеріңізді құлыптауды және көптеген жүйе функцияларын пернені түртумен орындауды оңайлататын кірістірілген мүмкіндіктер бар. Touch ID бар Magic Keyboard пернетақтасы кіру және Apple Pay қызметін пайдаланып сауда жасау үшін саусағыңыздың ізін пайдалануыңызға да мүмкіндік береді.
Пернетақтаны қосыңыз немесе өшіріңіз. Оны қосу (жасыл түс көрінетіндей етіп) немесе өшіру үшін пернетақтаның артқы жиегіндегі on/off қосқышын сырғытыңыз. Пернетақтаңызды iMac компьютеріңіз танымаса, оны жұптау үшін оны iMac компьютеріңізге берілген USB-C - Lightning кабелімен қосыңыз, одан кейін оны сымсыз пайдалану үшін кабельді ажыратыңыз. Пернетақтаңызды зарядтау үшін бірдей кабельді пайдаланыңыз.
iMac компьютеріңізді құлыптаңыз. Touch ID тақтасын немесе Lock пернесін жылдам басыңыз (Touch ID тақтасы жоқ Magic Keyboard пернетақталарында орнына Lock пернесі бар). iMac компьютеріңіздің құлпын ашу үшін Touch ID тақтасын жай басыңыз немесе кез келген пернені түртіңіз және құпия сөзіңізді теріңіз.
Touch ID қызметін орнатыңыз. Пернетақтаңызда Touch ID тақтасы болса, iMac компьютеріңіздің құлпын ашу және App Store, Apple TV қолданбасынан және Book Store дүкендерінен және Apple Pay қызметін пайдаланатын веб-тораптарда сатып алу үшін саусақ ізіңізді пайдалануыңызға болады. iMac компьютеріңізді орнатқан кезде Touch ID тақтасын орнатпасаңыз, оны кейінірек System Preferences терезесінің Touch ID тақтасында орындауыңыңызға болады. Touch ID туралы қосымша ақпаратты iMac компьютеріңізді іске қосу бөлімінен қараңыз. Apple Pay туралы ақпаратты Mac компьютеріңізде Apple Pay қызметін пайдалану бөлімінен қараңыз.
Touch ID тақтасын пайдаланыңыз. Саусағыңызды Touch ID тақтасына жайлап қойыңыз. iMac компьютеріңізді бірінші рет іске қосқанда немесе қайта іске қосқанда, iMac компьютеріңізге кіру үшін құпия сөзіңізді теруіңіз керек. Одан кейін, экранның құлпын ашу немесе сауда жасау үшін құпия сөзіңіз сұралған кезде Touch ID тақтасын пайдалана аласыз. iMac компьютеріңіз үшін жылдам пайдаланушыны ауыстыру мүмкіндігін орнатқан болсаңыз, басқа пайдаланушының тіркелгісінен өзіңіздікіне ауысу үшін саусақ ізіңізді пайдалануыңызға да болады. Қосымша ақпаратты macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютерінде Touch ID функциясын пайдалану бөлімін қараңыз.
Пернетақта теңшелімдерін орнатыңыз. Пернетақтаңыз бен Function (Fn)/Globe пернесінің параметрлерін көрсету үшін System Preferences терезесін ашыңыз, Keyboard түймесін басыңыз және пернетақтаңызды немесе кіріс көзін өзгерту, эмодзиді және таңбаларды көрсету, айтуды бастау параметрлерін таңдаңыз немесе функцияларды анықтаңыз.
Эмодзиді пайдалану немесе пернетақта тілдерін ауыстыру: Басқа пернетақтаға ауысу үшін түймесін басыңыз. Keyboard preferences терезесінде көрсеткен эмодзи опцияларыңыз немесе басқа тілдеріңіз арқылы қайталап өту үшін түймесін басыңыз немесе айтуды бастау үшін екі рет жылдам басыңыз (ол теңшелімді орнатқан болсаңыз).
Функциялық пернелерді пайдаланыңыз. Жоғарғы жолдағы функциялық пернелер осы негізгі жүйе функцияларына таңбашаларды береді.
Brightness (F1, F2): Экранның жарықтығын азайту немесе көбейту үшін немесе түймесін басыңыз.
Mission Control (F3): iMac компьютеріңізде не іске қосылып тұрғанын, соның ішінде барлық бос орындар мен ашық терезелерді көру үшін түймесін басыңыз.
Spotlight Search (F4): Spotlight терезесін ашу үшін түймесін басыңыз және iMac компьютеріңіздегі бірнәрсені іздеңіз.
Dictation/Siri (F5): Айтуды белсендіру үшін түймесін басыңыз—мәтінді теруге болатын жерде (мысалы, Messages, Mail, Pages және басқа қолданбаларда) айтуыңызға болады. Siri көмекшісін ояту үшін түймесін басып тұрыңыз, одан кейін сұрауыңызды бірден айтыңыз.
Do Not Disturb (F6): Do Not Disturb параметрін қосу немесе өшіру үшін түймесін басыңыз. Do Not Disturb параметрі қосулы кезде, iMac компьютеріңізде хабарландыруларды көрмейсіз немесе естімейсіз, бірақ оларды Notification Center терезесінде қарауыңызға болады.
Media (F7, F8, F9): Кері айналдыру үшін түймесін, ойнату немесе кідірту үшін түймесін немесе әнді, фильмді немесе слайдшоуды алға жылдам айналдыру үшін түймесін басыңыз.
Mute (F10): Кірістірілген динамиктерден немесе құлақаспап ұясынан шыққан дыбысты өшіру үшін түймесін басыңыз.
Volume (F11, F12): Кірістірілген динамиктерден немесе құлақаспап ұясынан шыққан дыбыстың деңгейін көтеру немесе төмендету үшін немесе түймесін басыңыз.
Балама функцияларды пайдаланыңыз. Функциялық пернелер нақты қолданбалар үшін әрекеттерді орындауы мүмкін немесе баламалық функциялары болуы мүмкін—мысалы, F11 пернесі барлық ашық терезелерді жасырып, жұмыс үстелін көрсете де алады. Пернемен байланыстырылған балама функцияны іске қосу үшін функциялық пернені басып тұрған кезде Fn пернесін басып тұрыңыз.
Пернетақта таңбашаларын пайдаланыңыз. Әдетте сенсорлы тақтамен, тінтуірмен немесе басқа құрылғымен орындайтын әрекеттерді iMac компьютеріңізде жылдам орындау үшін екі немесе одан көп пернені бір уақытта басуыңызға болады. Мысалы, бөлектелген мәтінді көшіру үшін Command-C пернелер тіркесімін басыңыз, одан кейін мәтін қойылатын жерді басыңыз және Command-V пернелер тіркесімін басыңыз. Жиі пайдаланылатын пернетақта тіркесімдерінің тізімін Mac компьютеріңіздегі пернелер тіркесімдері бөлімінен қараңыз.
Ескертпе: Touch ID және функциялық пернелер M1 чипі және macOS 11.3 немесе одан кейінгі жүйесі бар кез келген Mac компьютері үшін жоғарыда сипатталғандай жұмыс істейді.
Пернетақтаңызда Touch ID немесе Lock пернесі болмаса, функциялық пернелер туралы ақпарат алу үшін iMac Magic Keyboard бөлімін қараңыз.