iOS 17
iPhone құрылғысы үшін отбасылық мүмкіндіктермен Қосымша қол жеткізу режимін баптау
Отбасыңыздың мүшесі iPhone құрылғысында Қосымша қол жеткізу режимін пайдаланса, музыканы, фильмдерді және т.б. олармен оңай бөлісе алуыңыз үшін оларды «Отбасылық қол жеткізу» тобыңызға қосуыңызға болады.
«Отбасылық қол жеткізу» тобын баптау және басқару жолын үйрену үшін «Отбасылық қол жеткізу» мүмкіндігін баптау атты Apple қолдау көрсету сервисінің мақаласын қараңыз.
iCloud сервисіндегі ортақ фотолар жинағын фотосуреттер мен бейнелерді Қосымша қол жеткізу режимін пайдаланып отырған біреумен бөлісу үшін пайдалануыңызға да болады. iCloud сервисіндегі ортақ фотолар жинағын пайдалану жолы атты Apple қолдау көрсету сервисінің мақаласын қараңыз.