iPhone құрылғысында Қосымша қол жеткізу мүмкіндігі үшін «Музыка» қолданбасын баптау
iPhone құрылғысында Қосымша қол жеткізу режимін пайдаланып отырған адам «Музыка» қолданбасына қосылған ойнату тізімдерінен музыка тыңдай алады. «Музыка» қолданбасын Қосымша қол жеткізу мүмкіндігін баптау кезінде немесе кейін кез келген уақытта қоса аласыз.
«Музыка» қолданбасын қосу
Белсенді болса, Қосымша қол жеткізу режимінен шығыңыз.
«Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Қосымша қол жеткізу» тармағына өтіңіз.
«Қолданбаларды басқару» түймесін түртіңіз, одан кейін «Музыка» түймесінің жанындағы түймесін түртіңіз.
Ойнату тізімінің Қосымша қол жеткізу режимінде ойнатылуына рұқсат ету үшін оны түртіңіз.
«Музыка» қолданбасында ойнату тізімдерін жасауыңызға және өңдеуіңізге болады. iPhone пайдаланушы нұсқаулығындағы Ойнату тізімдерін жасау бөлімін қараңыз.
Кеңес: «Музыка» қолданбасын тек бір ойнату тізімін қосу арқылы қарапайым етіңіз. «Музыка» қолданбасы қолданба ашық кезде ойнату тізіміндегі әндер тізіміне тікелей ашылады.