Қарапайым режимге кіру және одан шығу

Қарапайым режимді баптағаннан кейін оған қажетінше кіріп, шыға аласыз.

Қарапайым режимге кіру үшін «Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Қарапайым режим» тармағына өтіңіз, одан кейін «Қарапайым режимді қосу» түймесін түртіңіз.

Қарапайым режимнен шығу үшін бүйірлік түймені (Face ID бар iPhone құрылғысында) немесе «Басты бет» түймесін үш рет басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде), «Қарапайым режимнен шығу» түймесін түртіңіз, одан кейін Қарапайым режим құпиякодын енгізіңіз.

Бүйірлік түймесі бар, бірақ «Басты бет» түймесі жоқ iPhone және «Басты бет» түймесі бар iPhone. Көрсеткі әрбір түйменің орнын көрсетеді.