Әлеуметтік жауапкершілік

Beeline Қазақстан бизнесті жүргізудің ашықтық және жауаптылық қағидаттарын сақтаушы, сәтті дамып келе жатқан, жоғары технологиялы компания болып табылады. Телекоммуникация қоғамның дамуына үлкен әсер етеді. Сол себепті әлеуметтік-жауапкершілікті  тәртіп, біздің даму стратегиямыздың ажырамас бөлігі болып табылады.

Beeline Қазақстан қызметтерін 10 миллионнан астам абонент түтынады. Біздің бизнес, іскерлік этика мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтаудан құралады. Бизнестің клиенттік базамен және акционерлерге арналған компанияның құнымен ғана өлшенбейтініне біздің көзіміз жеткен. Ең бастысы – клиенттер, қызметкерлер, әріптестер, акционерлер және жалпы қоғам үшін жасалатын құндылықтар. Міне осы,  Beeline Қазақстанның әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын анықтайды.

BEELINE ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

Клиент және қызметтің сапасы туралы қамқорлық.

Beeline Қазақстан клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас құруды мақсат тұтады. Біз компаниямызды таңдаған әр абонентті құрметтейміз және бағалаймыз, оның сенімін ақтау үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. 

  • Өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы тәуелсіз көзқарасті білу үшін, абоненттеріміздің пікрі біз үшін маңызды. Тек осылай, өз ұсыныстарымызды жетілдіре және толықтыра отырып, біз клиенттеріміздің ниеттестігі мен жақсы қарым-қатынасын сақтаймыз.
  • Клиенттеріміздің уақыты біз үшін маңызды және біз қызметтеріміз бен өнімдерімізді қолдану үрдісін барынша қолайлы және айқын жасауға тырысамыз. Барлық жаңа өнімдер мен қызметтер компания қызметкерлерінен тұратын фокус-топтың қатысуымен сынақтан өтеді. Бұл бізге қызметті нарыққа шығарғанға дейін, барлық мүмкін болар кемшіліктерді ерте анықтауға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
  • Бізге колл-орталықтардың жұмысы аса маңызды, біз клиенттердің қанағаттану деңгейін тұрақты түрде зерттеп, электронды пошта арқылы келіп түскен барлық өтініштерді қарастырамыз. Сайтымыздағы үнемі жетілдіріліп тұратын Жеке кабинетте енді теңгерімді мұқият қадағалап қоймай, сонымен қатар жеке қызметтерді, тарифтерді, сервистерді баптауға болады.

Қызметтердің қауіпсіздігі және алаяқтыққа қарсы әрекет 

Әрбір мобильді оператордың алдында маңызды міндет тұр, ол – дербес мәліметтерді қорғау, мобильді алаяқтықпен және спаммен күрес салаларында өз клиенттерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сол себепті біз меншікті технологияларымзы бен бағдарламаларымызды дамытамыз және телекоммуникация нарығының басқа мүшелерімен, контент-жүргізушілермен және несиелік-қаржылық мекемелермен белсенді жұмыс істейміз.

Мобильді технологияның дамуы клиенттің алдынан зор мүмкіндіктерді ашады, бірақ сонымен бірге алаяқтар үшін жаңа орта құрады. Зиянкестермен күресте Beeline Қазақстан өз қауіпсіздік жүйелерін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар алаяқтықпен байланысты қатерлер туралы абоненттерге тұрақты түрде ақпарат беріп тұрады, сондай-ақ өз клиенттері үшін қосымша арнайы қызметтерді  дайындайды.

Қызметкерлердің дамуы

Қызметкерлердің кәсіби деңгейін тұрақты түрде дамыту үшін, Beeline Қазақстанда корпоративтік оқытудың бірыңғай жүйесі құрылған, оның орталық эелементі «Корпоративтік Билайн-университеті» болып табылады. Біз оқытудың әртүрлі үлгілерін қолданамыз, соның ішінде тренингтер, электронды курстар және жеке жұмыстар бар.

Оқыту бағдарламалары

Біз қызметкерлерді оқыту бағдарламаларын бірнеше бағытта жүзеге асырамыз, олар: компанияның ресурстарын тиімді басқару, ақпараттық технологиялар, клиенттермен жұмыс істеу, қосымша кәсіби оқыту (соның ішінде маркетингтік, заңдық және т.б.), еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникалары, жеке тиімділікті дамыту.

Қызметкерлерді кәсіби дамытудың маңызды бөлігі – менеджерлерді оқыту болып табылады, ол келесі бағдарламалардың аясында жүзеге асырылады:

  • Филиалдардың болашақ және функционалдық директорларына арналған кадрлық резервтік мектеп;
  • Филиалдардың директорларының мектебі;
  • Жаңа жетекшілердің құзыреттілігін дамыту бағдарламалары;
  • Аймақтық оқыту бағдарламалары.

Тең мүмкіндіктер

Жұмысқа қабылдау кезінде біз ықтимал үміткерлердің кәсіби деңгейлеріне ғана басты мән береміз және әрбір үміткер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге тырысамыз. Компанияның барлық бөлімшелерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін, біз қызметкерлерді таңдаудың әртүрлі құралдарын пайдаланымыз. 

Бос жұмыс орындарына біз бірінші кезекте дәстүрлі түрде компанияның қызметкерлерін, содан кейін сыртқы үміткерлерді тартамыз.

Beeline Қазақстан жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жұмыс тәжірибесі бар кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен қатар еңбек жолын енді бастаған, белсенді жас мамандарға да береді. 2006 жылдан бері біз «StepPro» (2014 жылға дейін - «Үшінші буын») бағдарламасын іске асырып келеміз, ол жоғары курстардың студенттерін және ЖОО түлектерін компаниямыздың әртүрлі бөлімдерінде арнайы тәжірибеден өтуге тартуға бағытталған. Бағдарлама бір жылға созылады және екі кезеңнен тұрады: толық жұмыспен қамтылған жаздық тәжірибе (шілдеде, тамызда) және оқумен бірге алып жүруге болатын ұзақ мерзімді тәжірибе.

Әлеуметтік қолдау

Компания өзінің барлық қызметкерлеріне жұмыс өтіліне, мәртебесіне, кесімді еңбек ақысына немесе жұмысының нәтижесіне қарамастан, бірдей көлемдегі кепілді әлеуемттік жеңілдіктер береді.

Әлеуметтік жеңілдіктер, кепілдіктер және өтемақылар жүйесіне мыналар кіреді:

  • Ерікті медициналық сақтандыру;
  • Қызметтік ұялы байланыс;
  • Компанияның және сыртқы әріптестердің өнімдері мен қызметтеріне жеңілдіктер;
  • Айрықша жағдайларда қызметкерлерге төленетін материалдық көмек (баланың дүниеге келуі немесе асырап алу, жақын туысының дүниеден өтуі, қымбат операциялар, апаттық оқиғалар).

Корпоративтік еріктілер бағдарламасы 

Beeline Қазақстанда 2008 жылдан бастап, «Жылы Жүрек» еріктілер бағдарламасы жұмыс істейді (2014 жылға дейін – «Отзывчивые сердца»). Бағдарлама шеңберінде компанияның қызметкерлері қарамағындағы әлеуметтік мекемелерге жәрдем береді, сенбіліктер өткізіп, ағаш отырғызады, науқас балаларды емдеуге қаражат жинайды. Әрбір қызметкер әлеуметтік және қайырымдылық науқаны идеясымен бөлісе алады.

Жыл сайын Beeline-ның 50-астам қызметкері «Асыл Мирас» Қоры ұйымдастыратын қайырымдылық веложарысына қатысады. Жарысқа қатысқаны үшін төленіп, жиналған барлық қаражатты Қор балаларды емдеу мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге аударады.

Қарамағындағы әлеуметтік мекемелерде яғни балалар үйлерінде, орталықтарда және мүмкіндігі шектеулі балалар мектептерінде, жетім балаларға, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда – қызметкерлеріміз мерекелер ұйымдастырып, сыйлықтар үлестіреді, шеберлік-сыныптарын және басқа да мерекелік шараларды өткізеді.

2015 жылдың қарсаңында еліміздің әр аймағындағы балалар үйлерінде компания қызметкерлері мерекелік ертеңгіліктер мен «Аяз Атаның сыйлығы» науқанын ұйымдастырып, ата-анасыз қалған балалардың армандарын орындады.

2015 жылы компанияның қызметкерлері, компания қолдау көрсеткен «Өмір Жолы» республикалық әлеуемттік жобасының еріктілері болды. Оның аясында Қазақстандағы барлық ҰОС ардагерлері жедел көмек шақыруға арналған кіріктірілген батырмасы бар, арнайы мобильді құрылғылармен қамтамасыз етілді.

Компанияда еріктілерге арналған ынталандыру бағдарламалары бар, ең белсенді қызметкерлер «Beeline-ның үздік еріктісі» атағы үшін сынға түсіп, сыйлықтармен марапатталады.

Қазақстандағы Beeline-ның әлеуметтік жобалары

Өзі жұмыс істейтін әрбір елдегі әлеуметтік бағдарламаларға қолдау көрсету және жүзеге асыру – Beeline Қазақстан бір бөлшегі болып табылатын, VEON халықаралық телекоммуникациялық холдингінің жаһандық даму стратегиясының ажырамас бөлігі. Әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясатымыз ұзақ мерзімге бағытталған және Қазақстанда екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: 

  • Цифрлық білімді қолдау. Қоғамның үйлесімді және сәтті дамуы балалар мен жасөспірімдерден басталады. Сол себепті болашақ ұрпақтың дамуы біз үшін маңызды рөл атқарады. Біздің технологиялар адамдардың өмірін  жайлы етуге бағытталған. Ал білім саласындағы бастамалар, соның ішінде телекоммуникациялық технологияларды қолдану, еліміздің жарқын болашағын құратын кәсіби мамандардың қалыптасуына ықпал жасайды.
  • Жастардың диджитал-кәсіпкерлігін қолдау. Жеке кәсіппен айналысу жастардың өмірлік ұстанымын нығайтады, сондай-ақ жауапкершілік, шешім қабылдай алу, дамуға ұмтылу тәрізді қасиеттерді дамытады. Бұдан бөлек, бұл жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен еліміздің әл-ауқатының өсуі. Біз жастардың бизнес-конференцияларына, форумдар мен байқауларға қолдау көрсетіп, шеберлік-сабақтарын өткіземіз және осы арқылы жастардың белсенділігін, ерекше ойлау қабілетін, іскерлік қабілетін дамытуға ықпал жасаймыз. Оған қоса, Beeline жастардың жас кәсіпкерлерге өсу мүмкіндігін беретін инновациялық өнімдермен және цифрлық шешімдермен өз бетінше жұмыс істеуге  деген құлшынысын құшақ жая қарсы алады.