Beeline Қазақстан (КаР-Тел ЖШС, TNS-Plus ЖШС және Казевромобайл ЖШС) телекоммуникация саласындағы ірі ойыншы - «VEON» Компаниялар Тобына кіреді. «VEON» басты қағидаты этикалы және айқын бизнес жүргізу болып табылады.
«VEON»-ның Тәртіп Кодексі – бұл өз қызметімізде бұлжытпай сақтайтын, заңды және этикалық қағидаттардың мазмұны. Біздің заңды және этикалық міндеттерді сақтауымызға көмектесу үшін, Кодекс тұрғылықты жері мен лауазымына қарамастан, «VEON»-ның барлық қызметкерлері сақтауы тиіс қағидаттарды анықтайды.
Тәртіп Кодексі «VEON»-ның және оның еншілес ұйымдарының жұмысшыларына ережелер мен этикалық тәртіптің, бизнесті жүргізудің және заңнама мен ішкі ережелерді және тәтіптерді сақтаудың нормаларын түсіндіреді, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін тәртіптік жазаларды қарастырады.
«VEON» КТ Тәртіп Кодексінің қатаң орындалатынын, этикаға, мүдделердің қақтығысуының, жемқорлық әрекеттердің және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған комплаенс мәлімдейді
Тәртіп Кодексінде қарастырылған талаптар «VEON», соның ішінде тікелей және жанама еншілес Компанияларға қолданылады. «VEON» этикалық тәртіптің стандарттарын ұстанатын мердігерлермен ғана жұмыс істеуге ұмтылады.
Біз Кодекске аса мән береміз және оның орындалуын ең басты міндетіміз деп санаймыз, бірақ кей жағдайларда ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін анықтау қиын болатынын түсінеміз. Сол себепті біз барлығын ашық сөйлесуге шақырамыз.
Барлық деңгейлердің жетекшілері Кодекс қағидаттары мен этиканы сақтауда үлгі болуы тиіс және жұмысшыларға, өздерін не мазалайтынын ашық айта алатын жағдай жасау керек.
Біз жоғары кәсіби стандарттарға сай келетін, командада жұмыс істеуді жақсартуға және сенім атмосферасын құруға ықпал жасайтын, қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға тырысамыз.
Біз сәтті қызмет етудің кепілі – сенім мен өзара басымдықтарға негізделген іскерлік қатынас деп санаймыз. Адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, біз клиенттеріміздің, мердігерлеріміздің, жабдықтаушыларымыздың және әріптестеріміздің қажеттіліктерін түсінуге тырысамыз.
Мемлекеттік мекемелермен және қоғаммен өзара байланыс
Біз қоғамның жауапты мүшесіміз және этикалық, адал және таза бизнес жүргізудің қағидаттарын сақтаймыз. Біз өзіміз қызмет етіп жүрген қоғамның әл-ауқатының шынайы және тәуелсіз өсуіне ықпал жасайтын елеулі жетістіктерге жетуге тырысамыз.
«VEON» мен оның акционерлерінің алдындағы біздің борышымыз – мүліктер мен ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану. Мүлік пен зияткерлік меншік, сондай-ақ «VEON» активтері үшін біз жауаптымыз және оларды қорғауға міндеттіміз.
«VEON» КТ-ның барлық Компанияларында, сондай-ақ Beeline Қазақстанда комплаенс қызмет әрекет етеді, ол Тәртіп Кодексін және онымен байланысты саясат пен тәртіпті сақтау саласында Компанияның жұмысшыларына кеңес беру функциясын атқарады. Комплаенс негізгі құзыреттілігінің аясында мынадай қызметтерді атқарады:
Этикалық және таза бизнес - Компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі!