VEON туралы

VEON – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ пен Euronext Amsterdam-да сатылады.

Beeline Қазақстан туралы

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Beeline Business

2009 жылы 12 мамырда «КаР-Тел» ЖШС Қазақстандық корпоративтік қолданушылар нарығында Beeline Business бағытының ашылғанын жариялады.

Beeline Business бизнес пен қызметкерлер санатының кез келген деңгейіне лайық икемді ұсыныстарды жасай отырып, өз клиенттеріне мобильді және тұрақты байланыстың инновациялық қызметтерінің көмегімен, сонымен қатар сапалы сервис пен жеке жағдай жасау арқылы тиімді бизнес құруға жәрдемдеседі. Жаһандық оператордың тәжірибесін қолданып, Beeline Business Machine-to-Machine (M2M), Mobile Device Management (MDM), SMS Клик, 3G/4G желісі арқылы кеңсе интернетін резервтеу, виртуалды АТС және басқалары тәрізді заманауи қызметтерді іске асырады.

Қазақстандағы Beeline Business клиенттері мен серіктестерінің арасында жеке кәсіпкерлер, шағын, орта және ірі кәсіпорындар мен трансұлттық корпорациялар бар. 

«КаР-Тел» ЖШС құжаттары

Заңды мекен-жайы

"КаР-Тел" ЖШС: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Алматы ауданы, Қадырғали Жалаири көш., 2 үй.

 

Мемлекеттік лицензия

"КаР-Тел"ЖШС. Мемлекеттік лицензия 24.08.1998 ж. № ДС0000317, мерзімсіз, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен берілген.