Басты бет / Көмек

ТОП сұрақтар

*100# - қызметтердің бірыңғай мәзірі 

*166# - тарифтік жоспарды білу

*102# - теңгерім туралы ақпарат 

*106# - тарифтік жоспарлардағы бонустардың қалдығын тексеру 

*225# - хабарламалар тілін таңдау  (сондай-ақ *100# арқылы да хабарламалар тілін таңдай аласыз)

*122# - интернет-трафиктің теңгерімі туралы ақпарат 

*160# - өз телефон нөміріңді білу  

*166# - тарифтік жоспардың параметрлері туралы ақпарат 

*179# - қосылған қызметтердің тізімін тексеру 

*802# - соңғы он ақылы ұсталым туралы тегін шағын-есеп 

*835# - нөмір кімге тіркелгенің білу

Интернетті баптамас бұрын, теңгерімде қаражат және тариф ГБ-сы бар екеніне көз жеткізіңіз.

Android жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.

Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі):

Смартфон баптауларын ашыңыз:

  1. Егер смартфоныңыз екі SIM-картаны немесе eSIM технологиясын қолдаса, SIM-карталар диспетчерінде интернетке қосылуға Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапқа мән бермеңіз.
  2. «Қосылу» мәзіріне өтіңіз.
  3.  «Мобильді желілерді» ашып, «Қосылу нүктесі» / «APN» бабын таңдаңыз.
  4. «+» немесе «Қосылу нүктесін қосу» бабын таңдаңыз.
  5. Келесі параметрлерді жазыңыз:

Қосылу нүктесінің аты: Beeline Internet

Қосылу нүктесі (APN): internet.beeline.kz.

Басқа деректерді толтырудың қажеті жоқ.

  1. Жасалған қосылу нүктесін сақтап, оны өздігінен таңдалатын етіп белгілеңіз.
  2. «Мобильді желілер» мәзіріне қайтып, автоматты режимді таңдаңыз (LTE/WCDMA/GSM)

Дайын! Смартфонды қайта жүктеу ғана қалды, содан соң Beeline-ның шапшаң интернетінен ләззат алыңыз.

Егер осыдан соң интернет істемесе, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хаьарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.

iOS жүйесіндегі телефоныңызда интернетті еш қиындықсыз баптау үшін, біздің роликті көріңіз.

Немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз:

  1. «Ұялы байланыс» бөліміне өтіңіз.
  2. Егер смартфоныңыз eSIM технологиясын қолдаса, «Ұялы байланыс тарифтеріне» өтіп, Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапқа мән бермеңіз.
  3.  «Мәліметтерді жолдаудың ұялы байланыс желісін» ашыңыз.
  4. «Ұялы байланыс деректері» бөлімінде тек APN бабын толтырыңыз: internet.beeline.kz
  5. Алдыңғы мәзірге қайтып, «Деректер параметрлерін», содан соң «Дауыс және деректерді» ашыңыз.
  6. 4G желісін таңдаңыз.

Мобильді интернеттің жылдамдығына әсер ететін негізгі факторлар:

Желінің жүктемесі. Кейде қарбалас сағатта мобильді интернеттің жылдамдығы азаюы мүмкін. Яғни бір базалық станцияға көп смартфон бір уақытта қосылған сағаттарда.   

Тұрған жері, құрылыс, метеожағдай. Ауа райы қолайсыз болса немесе таулы жерде жүрсеңіз немесе металлы көп құрылыстың қасында тұрсаңыз, жылдамдық азаюы мүмкін.  

Смартфоныңыздың стпаттамасы. Бір жерде тұрған әртүрлі телефонда мобильді интернет жылдамдығы әртүрлі болуы мүмкін. Оған операциялық жүйе, смартфонның процессоры мен модемі, 3G/4G/5G желісін қолдауы әсер етуі мүмкін. Құрылғыңыздың сипаттамасын өндірушіден кез келген уақытта біле аласыз.

Әділ пайдалану саясатыШексіз интернеттің кейбір қолданушысында, тарифте қарастырылған шапшаң трафик шегіне жеткенде, қосылу жылдамдығы азаюы мүмкін. Ол жүктемені желіге тең бөліп, Beeline-ның барлық абонентіне сапалы интернетке қосылу мүмкіндігін ұсыну үшін қажет.

Егер Сізде интернет жылдамдығы жиі төмендей берсе және ол тұрған жеріңізге, ауа райы мен тәулік уақытына байланысты болмаса, құрылғыңызды қайта жүктеп көріңіз. Егер ол да көмектесепесе, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер Сізге міндетті түрде көмектеседі.

Өзіңізге ыңғайлы жолын таңдаңыз:

1.    «Менің Beeline-ым» қосымшасында
 «Аккаунт» кіріктірмесі→ «Менің тарифім» бөлімі → «Тариф жоспарын ауыстыру» пернесі. 
Бұл ауыстыру жолы туралы видеонұсқаулықтан біліңіз.

2.    beeline.kz сайтында

3.    *100# пәрменімен

4.    USSD-пәрменмен
Әр тарифтің қосатын пәрмені бар. Біздің барлық тариф мына жерде.

5.    Beeline-ның кез келген кеңсесінде
Жақын жердегі кеңсенің мекенжайын мына жерден біліңіз.

Тарифті білудің бірнеше жолы бар:

1.    «Менің Beeline-ым» қосымшасының «Аккаунт» кіріктірмесінен
2.    *166# пәрменімен

Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын нақты күні мен уақытына дейін «Менің Beeline-ым» қосымшасында тегін көріңіз.

Есепшот түрлері

•    Нақты кезеңдегі шығын

•    Байланыс қызмет түрлеріне кеткен шығын: минуттар, SMS, MMS, трафик, ойын-сауық сервистері

Қолдану жолы

•    «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіңіз

•    Экранның төменгі жағындағы «Шот есебі» бөліміне өтіңіз

•    Есебін көргіңіз келетін кезеңді таңдаңыз

Білгеніңіз маңызды

•    Қосымшада соңғы 9 айдағы ақпарат сақталады.

•    Бір ретте ең көбі 90 күннің есебін көруге болады. Яғни, Сізге соңғы 7 айдың есебі керек болса, оны бірнеше рет жүктеу керек болады.

•    Келген қоңыраулар туралы ақпарат 3-күні ғана көрсетіледі.

•    Ұзақтығы нөлге тең кез келген қоңырау (қоңырау шалуға талпыну, қабылданбаған қоңыраулар, жауап берілмеген қоңыраулар, жасырын нөмірден келген қоңыраулар) шот есебінде көрсетілмейді.

•    «Менің Beeline-ымда» шот есебін тек электронды нұсқада алуға болады, жүктеу мүмкін емес.

Қазақстанда мобильді байланысы бар кез келген құрылғы міндетті түрде тіркелуі керек. Ол «Байланыс туралы» ҚР заңына сәйкес (36-2-бап) енгізілген. Жеке тұлғалардың құрылғылары ЖСН немесе төлқұжат нөміріне тіркеледі:

•    ҚР резиденттеріне — ЖСН, мобильді нөмір және құрылғының IMEI (нөмірі) коды.

•    Бейрезиденттерге (шетел азаматтарына) — төлқұжат нөмірі, мобильді нөмір және құрылғының IMEI коды.

Мобильді телефондар, планшеттепр, модемдер, SIM-карталары бар сағаттар тіркелуі тиіс, М2М құрылғылар мен роумингтегі мобильді құрылғылар тіркелмейді.

Толық ақпарат мына жерде.

Нөмір қандай жағдайда жойылады
Егер Сіз нөмірді 12 ай бойы қолданбасаңыз, ол жойылады. Қолданбау — демек қоңырау шалмау және қоңырау қабылдамау, SMS жібермеу және қабылдамау, интернетке шықпау. Бұл ереже  Жария шарттың 9.6-тармағында бекітілген. Бұл ретте нөмірдің бұрынғы иесіне, жойылған сәтте теңгерімде болған соманы қайтаруға 3 жыл беріледі.

Өз нөміріңіді қайтару жолы
Кейбір жағдайда, бұрын жойылған нөмірді қалпына келтіре аласыз. Ол үшін, өзіңізге ыңғайлы жолмен бізге хабарласыңыз. Біздің кеңесшілер қалыпна келтіру мүмкіндігін тексереді. Егер жойылған нөмірді қалпына келтіруге мүмкіндік болса, нөмірдің иесі жеке куәлігін алып, біздің кез келген кеңсеге келуі керек. Қалпына келтіру құны 600 теңге + бастапқы жиынтықтың құны.

Маңызды! Егер жойылған нөмір бұрын Beeline-ға басқа оператордың желісінен ауыстырылса, қалпына келтіру мүмкіндігін тексеру үшін, нөмірдің бастапқы операторына хабарласу керек.

•    Банк картасымен. Сіз картаңызды «Менің Beeline-ым» қосымшасына тіркей аласыз немесе оны  beeline.kz сайтында қолдана аласыз. Оның интернетте сатып алу функциясы ашық болуы керек. 

Теңгерімді картадан толтыру шектеулері:

Қазақстан карталарымен төлеу
Бір транзакцияның ең көп сомасы 252 000 ₸
Бір тәулікте теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома 505 000 ₸
Соңғы 30 күнде теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома 1 200 000 ₸
Бір тәулікте бір картадан жасалатын транзакцияның ең көп сомасы 505 000 ₸
Соңғы 30 күнде бір картадан жасалатын транзакцияның ең көп сомасы 1 200 000 ₸
Шетел карталарымен төлеу
3DS-сіз картамен төлеу Недоступно
3DS бар картамен тәулігіне теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома 252 500
3DS бар картамен соңғы 30 күнде теңгерімді толтыруға болатын ең көп сома 505 000

•    Qiwi, Касса24 және басқа төлем терминалдарында нақты ақшамен. Комиссия терминалға байланысты.

•    Банк қосымшаларында. Ол үшін мобильді банкингіңізді ашып, қызметтерге төлеуді таңдаңыз да, Beeline теңгерімін толтыруды көрсетіп, нөмір мен төлем сомасын көрсетіңіз. Лимит пен комиссия банкке байланысты.

•    Beeline-ның кез келген кеңсесінде. Баратын уақытыңызды брондаңыз және өзіңізге ыңғайлы кез келген кеңседе теңгерімді комиссиясыз толтырыңыз.

Назар аударыңыз! Beeline теңгеріміне 4 000 000 ₸ артық сома салынбайды.

Теңгерімді толтырған кезде, байқаусыз төлемді басқа нөмірге жібердіңіз бе? Уайымдамаңыз, барлығын түзету мүмкін. 

Біз төлемді керекті нөмір теңгеріміне қайтара аламыз, егер келесі шарттар орындалса: 

•    Нөмірді терген кезде 3 санға дейін қателессеңіз. 

•    Сіз қателесіп төлем жіберген нөмір Beeline нөмірі болса.  Егер ол нөмір өзге оператордікі болса, онда төлем жасалған компаниямен немесе нөміріне төлем түскен оператормен байланысу керексіз. 

•    Қате нөмірдің теңгерімінен ақша жаратылып қоймаса. Егер ақша толықтай жаратылса (мысалы, теңгерімде қарыз болып), онда біз оны қайтара алмаймыз. Ал егер ақша жартылай жаратылса, біз Сізге қалдығын қайтарамыз. 

•    Сіз теңгерім толтырмақшы болған нөмір Beeline желісінде және Сіздің атыңызға тіркелуі қажет. Тек нөмір иесі ғана теңгерімді қайтаруды өтіне алады.

Егер барлық шарттар орындалса, қайтаруды келесі тәсілдері бар:

1.    Сall-орталық арқылы 116 нөміріне қоңырау шалыңыз. Түбіртек қолыңызда болсын: біздің кеңесші операция жасалған уақыт пен күнді, толтырылған соманы, серіктестің атын және түбіртектің фотосын сұрайды.

2.    Beeline кеңсесінде Өзіңізбен бірге төлқұжат пен төлем туралы түбіртек болуы тиіс. 

Маңызды! Соманы қайтару үшін call-орталыққа немесе Beeline кеңсесіне  төлем жасалған кезден бастап 30 күнге дейін байланысу қажет (мысалы, Сіз теңгерімді 25-ші шілдеде толтырдыңыз, егер 24-ші тамызға дейін байланыссаңыз, қайтаруды рәсімдеу мүмкін). Шарттан тыс жәйт, айдың соңғы екі күні, себебі сома аударымы келесі айдың соңына дейін болады.

Біз соманың қайтарымына кепіл бере алмаймыз, себебі қайтару кезінде көптеген басқа мәселелер тууы мүмкін.

Beeline теңгерімін толтырдыңыз, ал ақша әлі түспеді ме? Бұл мәселені бірге шешейік:

1.    Алдымен түбіртектегі теңгерім толтырған телефонның нөмірін тексеріңіз, қате кетпегеніне көз жеткізіңіз.  Егер нөмір қате болса, онда «Төлемді басқа нөмірге жіберсеңіз» бөлімін оқыңыз.

2.    Егер төлем жасалған сәттен 24 сағат өтпесе, төлем төленген жерге хабарласыңыз. Әдетте серіктес мекемелердің нөмірлері түбіртекте жазылады. Егер теңгерімді банк арқылы толтырсаңыз, банк call-орталығына хабарласыңыз.

3.    Егер төлем жасалған сәттен  24 сағат өтіп кетсе, біздің 116 нөміріне қоңырау шалыңыз. Түбіртек қолыңызда болсын: біздің кеңесші операция жасалған уақыт пен күнді, толтырылған соманы, серіктестің атын және түбіртектің фотосын сұрайды.  3 күн ішінде Сізге шешіммен ораламыз.

Өзге Beeline абонентінің мүдделерін қамтамасыз етесіз бе немесе басқа біреуді біздің қызмет көрсету кеңсесіне өз орныңызға баруды сұрайсыз ба? Сізге келесі шарттармен таныс болу қажет:

1) Нотариалды куәланған сенімхат ресімдеу

2) Beeline кеңсесінде сәйкес мәлімдемені толтырып немесе біздің маманмен қоңырау кезінде, сенімхаттың түпнұсқалығы мен өзіңіздің жеке басыңызыды растау.

Еске сала кетейік, сенімхатта сенімді тұлға сенімгер тұлғаның мүдделерін ЖШС “КаР-Тел-де” қамтамасыз ету немесе мобильді оператордың мәлімдеме, үндеу жазу және өзге керекті әрекеттерді Сіздің атыңыздан іске асыру туралы өкілеттігі болуы қажет. Сіздің атыңыздан сенімді тұлғаның қандай операциялар жасауға құқығы бар екенін көрсету өте маңызды.

Егер қызмет көрсету кеңсесіне сенімхатпен тек сенімді тұлға ғана келсе, біз Сізбен бейнеқоңырау арқылы байланысып, жеке басыңызды растауды және берілген сенімхаттың түпнұсқалығын тексеретін боламыз. Сенімхат расталмағанша, біз қызмет көрсетуден бас тартамыз.

Beeline клиентi болу

Үйден шықпай-ақ Beeline клиенті болыңыз: 

1.     «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасын жүктеңіз
2.     «Beeline абоненті болу» пернесін шертіңіз
3.     «Beeline нөмірін сатып алуды» таңдаңыз 
4.    Нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз

Өзіңіз үшін ең керемет нөмірді тауып, қолайлы тарифті таңдай аласыз, содан соң SIM-картаны, оның ішінде eSIM-ді алу жолын таңдайсыз.

Сондай-ақ нөмірді біздің кеңседен немесе дилерлерден алуға болады

Оған қоса, бізде теңгерімінде с 5 000 ₸ және «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатуға арналған 500 МБ бар бастапқы жиынтық - SMART SIM бар. Егер SMART SIM алсаңыз: 

1.    SIM-картаны смартфонға салыңыз
2.    «Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеңіз
3.    Қосымшада «Кіру» пернесінің жанындағы QR-сканерді шертіңіз
4.    Бастапқы жиынтықтың қорабындағы QR-кодты сканерлеңіз
5.    Нөмірді, тарифті таңдап, SIM-картаны іске қосу үшін, нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз

Сұрақтарыңыз бар ма немесе көмек керек пе? Бізге кез келген уақытта хабарласыңыз. Контактілеріміз мына жерде.

Нөміріңізді айырбастағыңыз келмей ме? Beeline-ға өз нөміріңізбен ауысыңыз! 

MNP (Mobile Number Portability) технологиясымен Сіз операторды ауыстыра аласыз, нөміріңіз сақталады. Нөміріңіз ауысқаны туралы жақындарыңызға ескерту және әлеуметтік желілерде, банкингтерде және басқа қосымшаларда оны ауыстыру қажет болмайды. 

Beeline клиенті болу оп-оңай: 

3.     «Өз нөміріммен ауысуды» таңдаңыз 
4.    Тарифті және SIM-картаны алу жолын таңдау үшін, нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз

Ауысу туралы толық ақпарат мына жерде

Сондай-ақ, нөмірді көшіруге біздің кез келген кеңседе немесе дилер нүктесінде өтініш бере аласыз.  Жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды ала баруды ұмытпаңыз.

•    Нөмірді Beeline-ға көшіру үшін не керек?
1. Нөмір Сіздің ЖСН-іңізге тіркелген болуы керек. Тіркеуді *835# (Tele2, Altel, Jusan Mobile) немесе *562# (Kcell, Activ) пәрменімен тексеріңіз. Егер тіркеудегі ЖСН Сіздікі болмаса, операторыңыздан деректерді жаңартуды сұраңыз. 
2. Операторды соңғы ауыстырған сәттен бастап 60 күннен көп уақыт өтуі керек. Егер нөміріңізді бір оператордан екіншісіне жақында ауыстырсаңыз, біраз күн күтіңіз де, тағы бір рет өтініш беріңіз.  
3. Қазіргі операторыңызға қарызыңыз болмауы керек. Егер қарызыңыз болса, оны қайтарыңыз. 

•    Қанша тұрады?
Нөмірді көшіру тегін, бірақ тариф жоспарына және SIM-картаға (таңдаған түріне қарай) төлеу керек болады. 

•    Көшіру туралы не білу керек?
1.    Жауап берілмей қалған қоңыраулар туралы SMS біраз уақыт Сізге келмейді. Техникалық себептерге байланысты, «Хабардар бол» қызметін қолдана алмайсыз. Біз бұл мәселені шешіп жатырмыз. 
2.    Біраз уақыт 1414 нөмірінен және eGov-тан SMS келмейді. Егер Сізде сондай қиындық болса, өзіңізге ыңғайлы кез келген жолмен бізге хабарласыңыз. Немесе eGov-қа хабарласып нөміріңізді Мобильді азаматтар дерекқорында қайта тіркеуін өтініңіз.

Менің Beeline-ым

«Менің Beeline-ым» – бұл қосымшадан біздің барлық қызмет пен өнімді таба аласыз.   

Оның көмегімен Сіз қол жеткізетін мүмкіндіктер:

  • Тарифті басқару
  • Мобильді теңгерімді толтыру
  • Шығындарды қадағалау
  • Қызметтерді қосу және өшіру
  • гигабайттарды сыйлау және айырбастау
  • узнавать последние новости Beeline-ның соңғы жаңалықтарын білу
  • көптеген ойын ойнау
  • және басқалары

Трафик шығындалмайды. Тіпті роумингте де J

Google Play немесе AppStore ресурсына кіріңіз, «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасын тауып, орнатыңыз да, өз нөміріңізбен тіркеліңіз.   

Назар аударыңыз! Қосымшаны жүктегенде, трафик тариф жоспарыңыздың шарттарына сәйкес шығындалады.

Теңгерімді банктік картаңыздан Менің Beeline-ым қосымшасы арқылы комиссиясыз толтыруға болады.

Сондай-ақ терминалдар, интернет-банкинг арқылы толтыра аласыз.

Топтаманың қалдығын тексеру үшін, қосымшаның басты бетіне өтіп, қажет топтамаңызды таңдаңыз: ИНТЕРНЕТ, ҚОҢЫРАУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА.

Автотөлем қызметі Менің Beeline-ым қосымшасында нөмірге алдын ала тіркелген банк картасынан телефон теңгерімін автоматты режимді толтыруға мүмкіндік береді. Оның әрекет ету қағидасы қарапайым – егер шоттағы сома белгіленген шектеуден төмендесе (100 теңгеден), опция тіркелген картадан сіз тағайындаған соманы теңгерімге аударады.

Автотөлемді баптау үшін, Менің Beeline-ым қосымшасында теңгерімді банк картасынан толтырыңыз, «Автотөлемді баптауды» басыңыз, соманы көрсетіп, оны растаңыз. Автотөлемді өшіру үшін, Дербес баптаулар бөліміне кіріңіз.

Теңгерімді толтыру бөлімінде жаңа картамен төлеу үшін:

- Beeline ұялы нөмірін немесе Үйдегі Интернет логинын енгізу керек
- сомасын көрсетіп, «Толтыру» түймесін басу қажет.
- картадағы банктік деректерді енгізу (16 сан, жарамдылық мерзімі, айы және жылы және артқы жағында үш таңбалы код)
- 3D Secure кодын немесе картаны шығарған банктен растаудың басқа әдісін енгізу қажет болуы мүмкін
- банктен растау алғаннан кейін төлем теңгерімге аударылады.

Қазақстан Республикасының банктік карталары сәтті төлем жасалғаннан кейін автоматты түрде абоненттік нөмірге байланыстырылады.

Байланыстырылған картадан кейінгі төлем үшін:

- картаны таңдау керек

Бекітілген карточканы абоненттік нөмірден кез келген уақытта «Банк карталары» бөлімінде өшіріп тастауға болады.

Visa және Master Card дебеттік және несиелік карталары қабылданады. Барлық төлемдер SSL деректерді шифрлау арқылы қорғалған және PCI DSS халықаралық стандартымен сертификатталған.

1. «Менің Beeline-ым» қосымшасының басты бетінде телефон нөмірін, содан кейін толық аты-жөнін басу керек;

2. Ашылған терезеде «Сәйкестікті растау» түймесін басыңыз.

3. Әрі қарай, SMS-код арқылы тексеруден өтіңіз;

4. «Қабылдау» түймесін басыңыз;

5. Құжатты сканерлеу (жеке куәлік болса, екі жағынан да);

6. Селфи түсіру:

Нөмірді тіркеу құжат деректеріне сәйкес келмесе, қолданба сканерленген деректерді тексеруді және оны растауды ұсынады.
Егер деректер қателермен сканерленсе, «Қайта сканерлеу» түймесін басып, құжатты қайтадан сканерлеу керек.
Деректер дұрыс сканерленген болса, «Деректерді растау» түймесін басу керек.
Деректерді растағаннан кейін нөмір қайта тіркеледі.

Операция нәтижесін «Жеке параметрлер» бөлімінде тексеруге болады.

"Дербес баптаулар -> менің нөмірлерім" бөлімінде жақындарыңыздың нөмірін қосуға немесе өзіңізге қажет нөмірге қосылуға болады.

Егер нөмірді бұрын қосқан болсаңыз, қосымшаның жаңа нұсқасында олар өздігінен қол жетімді болады.

Нөмірдің оң жағындағы үш нүктені басу арқылы нөмірдің атын қоса аласыз және/немесе өзгерте аласыз.

Қалаған нөміріңізді көрсете отырып, келесі пәрменді теріңіз: *776*қалаған нөміріңіз# (мысалы: *776*705777*******#). Содан соң, ары қарай істелетін әрекеттің нұсқауы мен нөмірді ауыстыру құны көрсетілген SMS хабарламаны күтіңіз.

Тариф жоспарын өшіру мүмкін емес, тек басқасын қосуға болады. Менің Beeline-ым қосымшасында және www.beeline.kz сайтында тарифті таңдай аласыз.

Егер теңгерімдегі қаражат төлемді ұстауға жететін болса, абоненттік төлем Астана уақытымен 00:00-03-00 аралығында ұсталады.

Тариф төлемінің келесі ұсталатын мерзімін басты бетте, тарифіңіздің атауының астынан көре аласыз.

Нөміріңізде қандай қызметтер қосылып тұрғанын көру үшін, Менің Beeline-ым қосымшасының «Қызметтер» бөліміне кіріңіз.

Қызметті қосу немесе өшіру үшін, Менің Beeline-ым қосымшасының «Қызметтер» бөліміне кіріңіз.

Барлық мәліметтерді оқып, алмасу жайында ақпаратты сіз мұнда ала аласыз

«Биометрия» — алаяқтықтан қорғанудың заманауи және аса сенімді жолы. Барлық биометрикалық дерегіңіз көпдеңгейлі тексеруден өтеді, грим немесе фотосурет арқылы жүйенің бағдаржолын алдау мүмкін емес. Сол себепті, қызмет қосылып тұрған жағдайда, алаяқтар теңгерімнен ақша алу үшін немесе қаржы операцияларына қол жеткізу үшін SIM-картаңызды қолдана алмайды.

Оған қоса, «Биометрия» Beeline кеңселерінде қызметті жеке куәліксіз немесе төлқұжатсыз алуға ыңғайлы мүмкіндік береді. Біздің оператор Сізді планшеттегі видеокамера арқылы сәйкестендіріп, Сізге қажет қызметті ұсынады.

Бәріміз әртүрліміз әрі бірегейміз. Биометрия технологиясы адамдарды өзіне тән физикалық ерекшеліктеріне қарай анықтауға көмектеседі. Ақылды «Биометрия» функциясының арқасында, бағдарламаларымыз мобильді нөмірде операциялар жасауыңызға мүмкіндік беру үшін Сізді тани алады.

Тегін, әрі оңай.

«Менің Beeline-ым» қосымшасында:
1.    «Дербес баптаулар» парағында нөміріңізді шертіп, «Тұлғаны растау» пернесін басыңыз. 
2.    Камераны жеке куәлігіңізге немесе төлқұжатыңызға бағыттаңыз. 
3.    Селфи жасаңыз. Өзіңіз түсіп тұрғаныңызды түсінуіміз үшін, көзіңізді жыпылықтатуыңыз керек болады. 
4.    Деректеріңізді тексеріп, «Растау» пернесін басыңыз!

Назар аударыңыз! Биометрикалық деректеріңізді сақтауға берген келісіміңізді тек біздің кеңселерде қайтып ала аласыз.

Әділ пайдалану саясаты

Әділ пайдалану саясаты техникалық мүмкіндіктер мен ҚР қолданыстағы заңнамасын ескере отырып, барлық клиентіміздің сапалы ұялы байланыс пен интернетті қолданудағы тең құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Әділ пайдалану саясаты Жария шарт шеңберінде әрекет етеді.

Интернетке бір уақытта бірнеше клиент қосылса немесе кейбір клиент орташа статистикалық көрсеткіштен асатын трафик көлемін пайдаланса, желіге қосымша жүк түседі. Ол бәрінің мобильді  интернет жылдамдығын азайтады. 

Жылдамдықты азайту – желіге жүктемені тең бөлуге мүмкіндік береді. Әділ пайдалану саясаты бойынша, жүктеме тым жоғары сәттерде жылдамдық барлық клиентте немесе интернет-трафикті шамадан тыс көп қолданатын кейбір клиентте азаюы мүмкін.

Біздегі деректер бойынша, Beeline клиенттерінің 99%-ы интернет-трафикті оңтайлы пайдаланады және оларда жылдамдық азаймайды. 
Егер Сізде интернет жылдамдығы азайса, демек Сіз, тұтынылған трафик көлемі шегіне жеткен 1% қолданушылар қатарына жатасыз. 

Уайымдамаңыз: егер сізде шектеусіз интернет тарифі болса, онда шектеусіз интернет қалады, бірақ белгілі бір трафикті тұтынғаннан кейін жылдамдық төмендейді. Дегенмен, оператор әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді ыңғайлы пайдалану, интернетте серфинг жасау және қолайлы сапада бейнелерді көру үшін жеткілікті жылдамдықты сақтауға тырысады.

Әділ пайдалану саясаты шексіз трафик (соның ішінде видеоқызметтерге, әл.желілерге, мессенджерлерге және т.с.с.) беретін тариф жоспарларына, қызметтер мен акцияларға қолданылады.

Жылдамдық тарифтің немесе қызметтің келесі абоненттік төлемі алынып, топтамалар берілгенге дейін шектеледі.

Алайда Сізге төмендетілген жылдамдық қолайсыз болса, бұрынғы жылдамдықты оп-оңай қалпына келтіруге болады. Мобильді байланыс тарифтерінің көпшілігін «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе *355# пәрменімен мерзімінен бұрын қайта қосуға болады (ай сайынғы абоненттік төлем алынып, топтамалардың қалдығы жойылып, жаңа топтама беріледі, жылдамдық қалпына келеді).

Егер нөміріңіз «Үйдегі Интернет» тарифіне қосылып тұрса және онда «Шексіз 4G» акциясы болса, жылдамдықты қалпына келтіру үшін, *912*8# пәрменін теру керек, Сізге ең жоғары жылдамдықтағы 8 ГБ қосылады, жарамды мерзімі – қосқан айдың соңына дейін, құны 1790 тг. 

Егер Сіз мобильді интернет-трафик көлемін мөлшерден көп қолданбасаңыз, жылдамдық айырмашылығын байқамайсыз. 

Шамадан тыс тұтыну белгілері: 
мобильді интернет қызметін жеке мақсаттан тыс қолдану, модем режимінде интернетті өте көп тарату, торренттерді/р2р хаттамаларды, ағынды аудио/видеоконтентті шамадан тыс пайдалану және басқалары.

Біз барлық клиентке, дауыстық қоңырауға бірдей қосылу мүмкіндігін ұсынамыз. Бірақ кейбір қолданушы желіге артық жүк түсіріп, басқа қолданушыларда дауыстық байланыс сапасын нашарлатуы мүмкін. Қосымша жүктеме дегеніміз – дауыстық трафикті орташа статистикалық тұтыну мөлшерінен айтарлықтай артық пайдалану (мобильді байланысты жеке мүддеден тыс қолдану, мысалы, колл-орталықтарын ұйымдастыру, конференц-байланыстарды тым көп қолдану, қоңырауларды күткізу және(немесе) қайта бағыттау және әділетсіз қолданудың басқа да белгілері). Әділ Пайдалану саясаты бойынша осы санаттағы қолданушыларда дауыстық қоңырау шалу шектелуі мүмкін.

Мобильді интернет

Әділ пайдалану саясаты. Шексіз интернеттің кейбір қолданушысында, тарифте қарастырылған шапшаң трафик шегіне жеткенде, қосылу жылдамдығы азаюы мүмкін. Ол жүктемені желіге тең бөліп, Beeline-ның барлық абонентіне сапалы интернетке қосылу мүмкіндігін ұсыну үшін қажет.

Роуминг

Роуминг — нөміріңізді және байланыс қызметтерін Қазақстаннан тыс жерде қолдану мүмкіндігі. Яғни шетелде Сізге басқа ұялы байланыс операторының жаңа нөмірін сатып алу керек болмайды.

Ештеңе істеудің қажеті жоқ. Байланысты қолдануды бастасаңыз болды, роуминг өздігінен қосылады.
Егер роуминг өздігінен қосылмаса, тегін *120*600# пәрменін теріңіз.
Құрылғыңыз тиісті желіні өзі таңдайды да, Сізге сәлемдесу хабарламасы келеді.

1.    Телефон баптауларына кіріңіз
2.    «Қосылу» (Android) / «Ұялы байланыс» (iOS) мәзіріне өтіңіз
3.    «Мобильді желілерді» ашыңыз
4.    Желілерді таңдау бөлімін табыңыз
5.    Желіні автоматты түрде іздеуді қосыңыз немесе желіні қолдан таңдаңыз

Келесілерді орындап көріңіз:

  • теңгерімді тексеріңіз
  • өзіңіз қосқан роуминг қызметінің топтамасындағы минуттар мен ГБ қалдығын тексеріңіз
  • смартфонды қайта жүктеңіз
  • басқа оператордың желісіне қосылыңыз.

Егер ол да көмектеспесе, кез келген қолжетімді жолмен бізге хабарласыңыз немесе мына сілтеме арқылы электронды құжатты толтырып, өтініш қалдырыңыз. Біз Сізге міндетті түрде көмектесеміз.

Роумингтегі тарифтер жән қызметтердің (мин, ГБ, SMS) құны Қазақстан аумағындағы тарифтерден бөлек. Әдепкі тариф жоспарыңыз роумингте істемейді.  

Барған еліңізге қарай, роумингтегі әдепкі тариф:

Қоңырау шалу: барған еліңіздің, Қазақстанның кіріс/шығыс қоңыраулары

20 мин — 990 ₸/күніне немесе 1050 ₸/мин

Қоңырау шалу: басқа бағытқа

1050 ₸/мин

Интернет

Безлимит — 990 ₸/күніне немесе 4200 ₸/Мб

SMS: жіберу

69 ₸/SMS

SMS: қабылдау

0 ₸/SMS

Назар аударыңыз! Роумингте келген қоңыраулар да тарифтеледі.

Сапарға шығар алдында теңгерімді кемінде 10000 теңгеге толтыруды ұсынамыз.

Сіз баратын еліңізді таңдап, роумингтің қолайлы тарифін мына бетте таңдай аласыз.

Сізде роумингтегі деректер рұқсат етілгеніне көз жеткізіңіз: Баптаулар → «Мобильді деректер» → «Роумингтегі деректер». Содан соң мобильді интернетті қосыңыз.

Егер осыдан соң да интернет істеемй тұрса, смартфонда APN баптауларын тексеріңіз.

Біздің үйрену роликтерімізді көріңіз немесе төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз (баптаулар мәзірі әртүрлі телефонда әртүрлі болады):

eSIM орнатылған Android құрылғысына арналған видеонұсқа
Қарапайым SIM орнатылған Android құрылғысына арналған видеонұсқа

1.    Смартфон баптауларын ашыңыз.
2.    Егер смартфоныңыз екі SIM-картаны немесе eSIM технологиясын қолдаса, SIM-карталар диспетчерінде интернетке шығу үшін Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапты өткізіп жіберіңіз.
3.    «Қосылу» мәзіріне өтіңіз.
4.     «Мобильді желілерді» ашып, «Қосылу нүктесі» / «APN» бабын басыңыз.
5.     «+» немесе «Қосылу нүктесін қосуды» таңдаңыз.
6.    Келесі параметрлерді жазыңыз:

7.    Ашылған қосылу нүктесін сақтап, оны өздігінен таңдалатын етіп белгілеңіз.
8.    «Мобильді желілер» мәзіріне қайтып, автоматты режимді таңдаңыз (LTE/WCDMA/GSM)
9.    Смартфонды қайта жүктеңіз.

eSIM орнатылған iOS құрылғысына арналған видеонұсқа
Қарапайым SIM орнатылған iOS құрылғысына арналған видеонұсқа

1.    Смартфон баптауларын ашыңыз.
2.    «Ұялы байланыс» бөліміне өтіңіз.
3.    Егер смартфоныңыз eSIM технологиясын қолдаса, «Ұялы байланыс тарифтеріне» өтіп, Beeline-ды таңдаңыз. Басқа жағдайда бұл бапқа мән бермеңіз. 
4.    «Мәліметтерді жолдаудың ұялы байланыс желісін» ашыңыз.
5.    «Ұялы байланыс деректері» бөлімінде тек APN бабын толтырыңыз: internet.beeline.kz
6.    Алдыңғы мәзірге қайтып, «Деректер параметрлерін», содан соң «Дауыс және деректерді» ашыңыз.
7.    4G желісін таңдаңыз.
8.    Смартфонды қайта жүктеңіз.

Егер ол да көмектеспесе, Ресесйде болсаңыз 116 нөмірі арқылы, басқа кез келген елден +7 (727) 3 500 500 нөмірі арқылы бізге хабарласыңыз. Роумингте қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ мына сілтеме арқылы электронды құжатты толтырып, өтініш қалдырыңыз. Біз Сізге міндетті түрде көмектесеміз.

Шетелден қоңырау шалғанда немесе SMS жібергенде, нөмірді 8 санының орнына +7 санын теріңіз. Мысалы: 8 (777) 123 45 67 нөмірін +7 (777) 123 45 67 нысанда теріңіз.

Қоңырау шалмас бұрын, контактілеріңізде сақталған нөмірлерді өзгертуді ұмытпаңыз.

Теңгерімді толтырудың бірнеше жолы бар:

  • «Менің Beeline-ым» қосымшасында қазақстандық кез келген банктің  картасымен
  • қазақстандық кез келген банктің  қосымшасында, «Төлемдер» бөлімінде
  • жедел-төлеу карталарымен (оны сапарға шығар алдында сатып алуды ұмытпаңыз)
  •  «Сенім төлемі» қызметімен теңгерімге қарыз қаражат алу арқылы

«Менің Beeline-ым» қосымшасын жүктеңіз, авторизациядан өтіңіз де, нөміріңізге қатысты барлық ақпараттан хабардар болыңыз. Қосымшаны роумингте қолданғанда трафик шығындалмайды.

Маңызды! Қосымшаны жүктеу трафигі роумингтегідей тарифтеледі. Қазақстанда жүргенде, қосымшаны орнатып алуға немесе Wi-Fi желісін пайдалануға кеңес береміз. Сіз болжанбаған қомақты шығындардың алдын аласыз.

Егер Сіз Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей немесе Қытай шекарасына жақын тұрсаңыз, смартфоныңыз көрші елдің желісіне өздігінен қосылуы мүмкін.

Ол күтпеген шығындарға алып келуі, қоңырау шалу, SMS және интернетке қосылу роумингтегідей тарифтелуі мүмкін.

Ондай шығындардың алдын алу үшін, келесі жолдардың бірімен роумингті өшіріп қойыңыз:

  • Ұсынылатын жолы: *120*601# пәрменін теріңіз.

Бұғат алынғанға дейін роумингті қолдана алмайсыз, бірақ Сізге роуминг туралы SMS-хабарландыру келіп тұрады. Келешекте шетелге шықсаңыз, *120*600# пәрменімен бұғатты оп-оңай алып тастайсыз.

  • Қосымша жолы: *120*801# пәрменін теріңіз.

Нөміріңізде роуминг толық өшіріледі. Егер келешекте шетелге шыққанда, роумингіңіз өшіп тұрса, Қазақстанға келмей бұғатты шеше алмайсыз. 

Құрылғыны тіркеу, SIM-карта және нөмір

Шұғыл жаңа SIM-карта керек пе? Телефон жоғалып қалды ма, SIM-картаға бірдеңе болды мв немесе жай ғана оны ауыстырғыңыз келе ме? Оп-оңай!

Егер смартфоныңыз eSIM технологиясын — телефонға кіріктірілген виртуалды SIM-картаны қолдаса —пластик карта керек емес.

«Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы eSIM орнатыңыз: «Менің нөмірім» → «Профиль» (нөміріңізді шертіңіз) → «SIM-картаны/eSIM ауыстыру» → «eSIM».

IOS-қа арналға видеонұсқаулық

Android-қа арналға видеонұсқаулық

eSIM жоқ па? Уайымдамаңыз! Пластик SIM-картаны қас-қағым сәтте нөміріңізді сақтай отырып ауыстырыңыз:

SIM-картаны дербес ауыстыру:

  1. Қаладағы кез келген нүктеден Beeline SIM-картасын саып алыңыз.
    Хатқалтада 4G логотипі және «Ауыстыруға арналған SIM-карта» деген жазуы болуы керек.
  2. Ескі SIM-картаны шығаруға асықпаңыз. SIM-картаны шығармай тұрып, келесі пәрменді теріңіз: *633*жаңа SIM-картаның нөмірі*жаңа SIM-картаның PIN2 коды#
    Жаңа SIM-картаның нөмірі картаның жоғары жағында көрсетілген, соңғы цифрды көрсетудің қажеті жоқ. Пәрменді күндіз, 20:00-ге дейін терген дұрыс.
  3. Сәтті ауыстырылғаны туралы SMS-ті күтіңіз (2–5 минут). Келмеді ме? Ескі SIM-картаны шығарып, телефонға жаңасын салыңыз.
    Ағымдағы телефон нөміріңіз автоматты түрде жаңа SIM-картаға көшіріледі.  

SIM-картаны жеткізуге тапсырыс беру:

  1. SIM-картаны ауыстыруға «Менің Beeline-ым» қосымшасында өтініш беріңіз.
    «Менің нөмірім» → «Профиль» (нөміріңізді шертіңіз) → «SIM-картаны ауыстыру».

Оператордың қоңырауын күтіңіз.
Е
гер өтінішті 14:00-ге дейін берсеңіз, SIM-картаны сол күні әкеліп береді, егер 14:00-ден кейін тапсырыс берсеңізкелесі күні әкеледі.
Қала ішінде жеткізу — 500 теңге.

Жоғалған, бүлінген немесе ақауы бар 4G SIM-картаны ауыстыру: 200 теңге.

•   Ескі SIM-картаны 4G SIM-ге ауыстыру: тегін.

Назар аударыңыз:

•   Нөмірі белсенді, қолданыстағы SIM-картуаны ғана ауыстыруға болады.

•   Нөмір иесіне тіркелген болуы тиіс (тіркеуді тексеру: *835#). Жаңа Нөмірдің SIM-картаны алуға нөмірдің иесі өзі келуі керек және жеке куәлігі/төлқұжаты қолында болуы тиіс.

•   Егер нөмір Сіздің атыңызға тіркелмесе, нөмірдің иесінен нотариус куәләндырған сенімхат қажет. Жеке куәлігіңізді/төлқұжатыңызды ала келуді ұмытпаңыз.

•   Егер SIM-картаны өзіңіз ауыстырып жатсаңыз, оның қай өңірге тиесілі екенін тексеріңіз: 632 нөміріне қоңырау шалсаңыз, робот Сізге бәрін айтып береді. Жаңа 4G SIM-картаның қай өңірге тиесілі екені қорабында/тысында көрсетіледі, ол Сіздің нөміріңіздің шыққан өңірімен сәйкес келуі тиіс. Уайымдамаңыз: нөмірді Қазақстанның кез келген жерінде және роумингте де қолдана аласыз.  Өңір SIM-картаны өзіңіз ауыстырғанда ғана маңызды.

SIM-карта жоғалды ма немесе телефонды уақытша қолданбайсыз ба? Сіз нөмірді тегін бұғаттай аласыз.

Жоғалғанда және ұрланғанда:

Beeline-ның Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау шалыңыз немесе кеңсеге жолығыңыз.

•    Нөміріңіз 3 күнге бұғатталады.

•    Сізге жоғалған нөмір тіркелген адамның жеке куәлігінің деректерін айту керек болады.

Өз қалауыңызбен бұғаттау:

Beeline кеңсесінде бұғаттауға болады.

•    Қалаған уақытыңызға бұғаттай аласыз, бірақ бұғатталған сәттен бастап Сіздің атыңызда бір жыл ғана болады.

•    Нөмірдің иесі жеке куәлігін немесе төлқұжатын алып келсе ғана нөмірді бұғаттауға болады.  

Маңызды! SIM-картаны бұғаттан босатқан соң, нөмірде қосылған тариф пен қызметтердің абоненттік төлемі алынады.  

Beeline кеңсесінде нөмірді басқа тұлғаға оп-оңай тіркеуге болады.

Не істеу керек:

  • Қайта тіркеуге жазбаша өтініш ресімдеу керек.
  • Қарызы болса, қарызын қайтару керек.

Назар аударыңыз: егер Сіз «Сенім төлемін» алсаңыз, қызметті қосқаннан кейін төртінші күні ғана нөмірді қайта тіркеуге болады.

Тек екі тарап болса ғана нөмірді қайта тіркеуге болады және ол тегін.  

Қызмет деректерді мұқият тексеруді талап етеді, сондықтан алдын ала 116 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береміз (Beeline нөмірінен тегін).

Айтпақшы, егер Сізде бұрын басқа оператор болса да, қайта тіркеуге болады.

Жеке тұлғалар жеке куәлігімен келуі тиіс (немесе клиенттің нотариус куәләндырған сенімхаты болуы керек).

Егер тегіңізді өзгертсеңіз және тіркеу деректерін өзгерткіңіз келсе, тегіңізді ауыстрығаныңызды растайтын құжат ұсыну керек (неке куәлігі, ажырасқаны туралы куәлік және т.с.с.).

Нөмірдің кімге тіркелгенін *835# пәрменімен тексере аласыз
Егер нөмірдің иесімен таныс болсаңыз, Beeline кеңсесіне хабарласыңыз. Екі тараптың жеке куәлігі болса ғана бұл процедура жүзеге асады.
Егер ол адамды білмесеңіз, деректерді қайта тіркеу мүмкіндігін тексеру үшін 116 нөміріне қоңырау шалыңыз (Beeline нөмірінен тегін).

Тұтыну жайлы есепшот мәліметтері

  1. «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатып, авторизациядан өтіңіз
  2. Экранның төменгі жағындағы «Шот есебі» бөліміне өтіңіз
  3. Есебін көргіңіз келетін кезеңді таңдаңыз

«Менің Beeline-ымда» шот есебін тек электронды нұсқада алуға болады, жүктеу мүмкін емес.

Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын нақты күні мен уақытына дейін Жеке кабинетте тегін көре аласыз.

  1. beeline.kz сайтындағы Жеке кабинетте тіркеліп, авторизациядан өтіңіз
  2. «Шот есебі» бөлімінде есебін көргіңіз келетін кезеңді таңдап, «Көрсетіңіз» пернесін басыңыз

Білгеніңіз маңызды

  • Жеке соңғы 9 айдағы ақпарат сақталады.
  • Бір ретте ең көбі 62 күннің есебін көруге болады. Яғни, Сізге соңғы 7 айдың есебі керек болса, оны бірнеше рет жүктеу керек болады.

  • Жеке кабинетте шот есебін тек электронды нұсқада алуға болады, жүктеу мүмкін емес.

Қаражаттың, минуттар мен гигабайттың шығынын тегін «Шот есебін SMS түрінде алу» қызметімен қадағалаңыз.

Қолдану жолы

  1. *802# пәрменін теріңіз
  2. Соңғы 10 транзакция және тарифіңіздің сипаттамасының сілтемесі бар SMS-ті күтіңіз

Білгеніңіз маңызды

  • Тәулігіне ең көбі 30 сауал жібере аласыз.
  • Есепте соңғы 10 күндегі деректер ескеріледі. Егер осы уақытта ешқандай ақылы қызметті қолданбасаңыз, теңгеріміңіз туралы ақпарат пен тарифіңіздің сипаттамасының сілтемесін аласыз.
  • Қызметті ҚР аумағындағы және роумингтегі алдын ала төлем жүйесінің абоненттері қолдана алады.
  • Телефоныңыз көлемі үлкен хабарламаларды қабылдай алуы керек.

Интернет үшін алынған ақы есепте бір тәуліктікі жинақталып көрсетіледі.

Сіз шот есебін Beeline кеңселерінің бірінен тегін ала аласыз.  

Қолдану жолы

  1. Beeline-ның жақын жердегі кеңсесін табыңыз
  2. Жеке куәлігіңзді/төлқұжатыңызды ала келіңіз
  3. Бекітілген үлгідегі өтінішті кеңседе толтырыңыз
  4. Шот есебін жүктеу сілтемесін күтіңіз, оны электронды поштаңызға жібереміз

Білгеніңіз маңызды!

  • Сіз екі жылдан ерте емес кез келген 6 айдың есебін ала аласыз.

Қызметтер

SMS қызметі арқылы басқа абоненттермен қысқа мәтінді хабарлама алмасыңыз.

Әдепкі құны: 18 ₸/SMS Қазақстан ішінде немесе 29 ₸/SMS шетелге.
Кейбір тариф жоспарларға SMS топтамасы кіреді.

Бір SMS-тің ең көп мәтіні қанша?

Кириллица

70 таңба

Латын әрпі

160 таңба

Егер SMS-хабарлама ұзын болса, жіберген кезде ол 70 немесе 160 таңбадан бірнеше хабарламаға бөлінеді. Әр SMS жеке-жеке тарифтеледі.

SMS-орталығының нөмірін тексеріңіз.

Смартфоныңыз Android жүйесінде болса: 

1. SMS-хабарламаларға кіріңіз.

2. Баптауларға өтіңіз.

3. «SMS-орталығының нөмірін» табыңыз.

4. Дұрыс нөмір көрсетілгеніне көз жеткізіңіз: +7 (705) 907-70-00.

5. Баптауларды сақтаңыз.

6. Смартфонды қайта жүктеңіз. 

Смартфоныңыз iOS жүйесінде болса: 

1. Тегін *#5005*7672# пәрменін теріңіз.

2. Нөмір дұрыс көрсетілді ме, тексеріңіз: +7 (705) 907-70-00.

3.Қате болса, келесі пәрменді теріңіз **5005*7672*+77059077000#.

4. Смартфонды қайта жүктеңіз. 

Егер SMS бәрібір жіберілмей тұрса, келесіні жасап көріңіз:   

  • Теңгерімді тексеріңіз 
  • Тариф жоспарындағы немесе сатып алған топтамадағы SMS қалдығын тексеріңіз 
  • Алушының нөмірі дұрыс көрсетілді ме, тексеріңіз ( «+7» арқылы теріп көріңіз)
  • Смартфонды қайта жүктеңіз  

Егер ол да көмектеспесе, кез келген қолжетімді жолмен бізге хабарласыңыз. Біз міндетті түрде көмектесеміз.

Қалпына келтіру мүмкін емес, өйткені телефоныңызға жеткізілген хабарлама SMS-орталығының жадынан бірден өшіріледі.

Жіберілген хабарламаның SMS-орталығы жадында сақталатын ең ұзақ уақыты – 3 тәулік. Егер осы уақытта SMS-орталық қандай-да бір себеппен SMS-іңізді жеткізе алмаса – ол жеткізу қызметінен алынып, SMS-орталығының жадынан жойылады.

SMS бірнеше себептен жеткізілмеуі мүмкін:

  • Адресат телефоны өшіп тұр немесе байланыс аясынан тыс жерде.
  • Адресаттың ұялы байланыс нөмірі бұғатталған.
  • Адресат телефонының жады толып қалған.
  • Адресаттың нөмірі қате көрсетілген: халықаралық форматта теріңіз, «+» таңбасынан бастап.
  • Адресат телефоны бұзылған.

Сіз «Жеткізілгені туралы есеп» амал-шартын қоса аласыз. Адресат SMS-іңізді алған кезде, Сізге тиісті хабарлама келеді. Жеткізу туралы есеп, «Хабарламалар» баптауы мәзірінде қосылады.

Шұғыл қоңырау шалу керек кезде теңгерімді толтыруға мүмкіндік жоқ па?

*141# пәрменімен «Сенім төлемін» алыңыз. Теңгеріміңізді 3 күнге дейін толтырамыз. Комиссия 20%. Қызмет туралы толық ақпараты мына жерде.

Өз ұялы телефоныңызға маңызды қоңырау қабылдай алмайсыз, бірақ қоңырауды жіберіп алғыңыз келмей ме? "Қоңырауларды аударуды" баптаңыз.
Бұл қызмет келген қоңырауларды Beeline басқа нөмірлерге, немесе басқа операторлардың нөмірлерге, немесе қалалық телефон нөмірлеріне аударуға мүмкіндік береді. Қызмет роумингте қолжетімді. 

  • Жауап бере алмай қалған кездегі қоңыраулар туралы SMS алу үшін, +7 705 9077000 нөмірін көрсетіңіз. 
  • Қоңырауды қайта бағыттау тәртібінің дұрыстығын тексеру үшін, мына құрамдастырымды енгізіңіз: *#қайта бағыттау коды#
  • Барлық қайта бағыттауды өшіру үшін ##002# пәрменін теріңіз.
  • Қызмет Beeline-ға басқа операторлардан тасымалданған нөмірлерде қолжетімсіз.

Қоңырауларды аудару режимдерімен төменде таныса аласыз.

**21*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **21*+7727ххххххх#.

Өшіру: ##21#

**67*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **67*+7776ххххххх#.

Өшіру: ##67#

**62*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **62*+7776ххххххх#.

Өшіру: ##62#

**61*қаланың коды / телефон нөмірі*таңдалған уақыт аралығы#, мысалы **61*+7776ххххххх*10#.

Өшіру: ##61#

Бұл қызметпен Сіз қоңырау шалған абоненттің нөмірін телефоныңыздың бейнебетінде көре аласыз. Бұл қызмет нөміріңізде өздігінен қосылып тұр. Бірақ қоңырау шалған абонент антианықтағыш  қолданса, Сізге кім қоңырау шалып тұрғанын біле алмайсыз.

Егер қоңырауға жауап беріп үлгерсеңіз, қоңырау шалған жасырын нөмірді қоңыраулар тәптіштемесінен көруге немесе «Жасырын нөмірлерді анықтағыш» қызметін қолдануға болады.

Маңызды! Келген қоңыраулар тәптіштемеде үшінші күні көрсетіледі.

Бұл қызметпен Сіз басқа абоненттерге қоңырау шалғанда, нөміріңізді жасыра аласыз. Нөмірді антианықтағыш қызметі туралы толық ақпаратты мына сілтемеден біліңіз.

Beeline нөмірімен Сіз бүкіл әлемге қоңырау шала аласыз.  

Қоңыраудың құны: 190 ₸/мин

SMS құны: 29 ₸/SMS

Бірақ «Көршілер» қызметімен Сіз Қазақстаннан 80 елге жеңілдікпен қоңырау шала аласыз. Толық ақпарат сілтемеде.

Жерсерік желілеріне қоңырау шалу бағасы мына сілтемеде.

Адресаттың нөмірін халықаралық форматта – «+» таңбасы арқылы тергеніңізге көз жеткізіңіз. Мысалы, +79161234567.

Егер сонда да қоңырау шалынбай тұрса, келесіні орындап көріңіз:  

  • Теңгерімді тексеріңіз
  • Смартфонды қайта жүктеңіз  
  • Қазақстандық нөмірлерге қоңырау шалына ма екен тексеріңіз.

Егер осының бәрі көмектеспесе, кез келген қолжетімді жолмен бізге хабарласыңыз. Міндетті түрде көмектесеміз.

Бір қоңырауға бір уақытта 6 адамға дейін қос. Конференц-байланыс бір қоңырауға тиісті адамдарды – әріптестерді, достарды немесе туыстарды қосу үшін жасалған. Конференц-байланыс қызметі үшін қоңырау соққан адам ғана өз тарифтік жоспарына сай төлейді, конференц-байланысқа қосылған басқа жандарға конференц-байланыс қызметі тегін.

Конференц-байланыс қызметін роумингте қосу мүмкін емес.

  1. Бірінші адамға қоңырау шал;
  2. Телефон экранында «Қоңырау қосуды» бас та, екінші адамға қоңырау шал. Бірінші адам «желіде күту» режимінде болады;
  3. Екінші адам жауап берген соң, телефонда «Біріктіру» пернесін бас та, бәрін бір қоңырауға жина;
  4. Конференц-қоңырауда әңгімелеріңіз жарассын!

Ескерту: телефон үлгісіне қарай, нұсқаулық басқаша болуы мүмкін.

Конференц-қоңырауға қатысып тұрған кез келген адам жоғарыдағы нұсқаулық бойынша басқа адамды қоса алады.

Beeline-ның қосымша қызметтерімен байланысыңызды жайлы әрі тиімді етіңіз. Біздің барлық қызметпен мына жерде таныса аласыз: Beeline қызметтері

Егер Сіз қосымша қызмет қосып, бірақ ол істемей немесе дұрыс істемей тұрса, кез келген қолжетімді жолмен бізге хабарласуыңызды өтінеміз. Біздің кеңесшілер мәселеңізді шешуге міндетті түрде көмектеседі.

Сіздегі «Өзің жаса», «Жарқын» немесе «Шексіз» тарифінде орын көп. Қосымша нөмірлерді қосып, тарифіңізде бар болса, интернетті, SMS пен минуттарды бөлісіңіз!

Жақындарыңыздың байланыста болуына көмектесіңіз немесе гаджеттермен өміріңізді жеңілдетіңіз – бәріне бірақ төлеңіз!

Толық ақпарат келесі сілтемеде

Біз клиенттерімізге мобильді байланыс, үйдегі интернет және цифрлы өнімдерден бөлек, жиынтығында байланысы бар смартфондарды да ұсынамыз.

shop.beeline.kz сайтынан қолайлы девайсты таңдаңыз да, оны 3, 6 немесе 12 айға ресімдеңіз. Таңдаған кез келген тарифіңіз «Топтама+» қызметімен жиынтыққа кіреді.

Келісімшарт талаптарына қатысты сұрақтарыңыз болса, мына бетке өтіңіз. Сізде туындауы мүмкін барлық сұраққа жауап беруге тырыстық.

«КаР-Тел» ЖШС көптеген ойын-сауық және ақпараттық қызметтерді ұсынады.

Оларды ұсыну үшін төрт мәнді қысқа нөмірлер қолданылады.

Қызметтер бір жолдық негізде (бір реттік төлем), сондай-ақ жазылу негізінде (мерзімдік төлем) көрсетіледі.

Мысалы, сіз жұлдыз жорамалға тапсырыс берсеңіз, сізден телефон нөміріңізді енгізуді сұрайды және осыдан кейін, телефоныңызға растауды өтінген SMS келеді.

Оферта

Растамас бұрын:

  • Жолданған хабарламаның мәтінін мұқият оқыңыз;
  • қысқа нөмірді жаттап алыңыз;
  • назар аударыңыз, сіз бір жолғы өтінішті растап жатырсыз ба, әлде жазылымды ма (SMS мәтінінде көрсетілген).

Мобильді жазылымды өшіру үшін, SMS келген қысқа нөмірге Стоп (немесе стоп, stop және т.с.с.) сөздерді жіберу керек.

Есепшотқа тапсырыс беріп, қаражат шығындарын тексеріңіз.

Қысқа нөмірге «?» мәтіні жазылған тегін SMS жолдаңыз (сұрақ белгісі тырнақшаға алынбайды). «?» белгісін жіберу тегін. Басқа мәндерді, таңбаларды жіберу кезінде ақша ұсталуы мүмкін.

Біздің байланыс контактілеріміз

Дана — виртуалды кеңесші. Нағыз адам сияқты көмек қолын соза алатын робот. Дана Beeline өнімдері мен қызметтері туралы барлығын біледі. Ол Сіздің Beeline үйдегі интернеті, телевизиясы мен мобильді байланысы жөніндегі барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, мәселені шешуге көмектеседі. Оған 24/7 хабарласа аласыз, Дана демалыссыз, мерекесіз жұмыс істейді және ешқашан шаршамайды 😊

Оны мына жерлерден таба аласыз:

• Біздің сайт парақшасының төменгі оң жақ бұрышында.

• «Менің Beeline-ым» қосымшасында: қосымшаға кірген соң, «Хабарламалар» қойындысы басты бетінің төменгі оң жақ бұрышында. Жүйе диагностика жасап, ақаулық тапса, түзетеді немесе маманмен байланыстырады. Тексеру үшін «Үйдегі Интернет» логинімен немесе байланыс нөмірмен авторизация жасау керек.  

Әлеуметтік желілердегі парақтарымызда Сіздерге қуана көмектесеміз. Тәуліктің кез келген уақытында жазуыңызға болады!

МАҢЫЗДЫ! Beeline компаниясының төменде көрсетілген парақтары ғана бар. Интернетте осыларға өте ұқсас аккаунттар кездесуі мүмкін, бірақ олардың Beeline компаниясына ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ. Компанияның ресми көздеріне ғана сеніңіз. Олар төменде көрсетілген.

Facebook скачать бесплатно - Логотип Facebook социальные медиа иконки  компьютера - Значок Facebook Рисования FaceBook-те: https://www.facebook.com/Beeline.Kazakhstan немесе QR-кодты сканерлеңіз

Значок вк (вконтакте) в png формате ВКонтактеде: https://vk.com/beeline_kaz немесе QR-кодты сканерлеңіз

Twitter – Бесплатные иконки: Социальное Twitter-де: https://twitter.com/_Beeline_kz немесе QR-кодты сканерлеңіз

Иконка instagram - Png картинки и иконки без фона Instagram-да: https://www.instagram.com/beeline_kz/ немесе QR-кодты сканерлеңіз

 YouTube-та: https://www.youtube.com/user/BeelineKazakhstan

значок телеграм ПНГ на Прозрачном Фоне • Скачать PNG значок телеграм Telegram-да: https://t.me/BeelineDanaBot

Значок ватсап в png формате на прозрачном фоне WhatsApp-та: https://wa.me/77713330055

значок почтового конверта PNG , значки электронной почты, значки конвертов,  почтовый клипарт PNG картинки и пнг рисунок для бесплатной загрузки | Email  icon, App icon, Icon Сондай-ақ бізге келесі email-дерге жазуыңызға болады: infodesk@beeline.kz немесе feedback@beeline.kz («Үйдегі Интернет» қызметі мәселелері бойынша).

Біздің тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығымызға қоңырау шалуыңызға болады. Кеңесшілеріміз Beeline байланысы мен «Үйдегі интернет» қызметіне қатысты кез келген мәселеңізге көмектесуге дайын.   

Beeline мобильді байланысына қатысты сұрақтармен:

116 нөміріне қоңырау шалыңыз. Beeline мобильді нөмірінен қоңырау шалу тегін.

Егер бізге қалалық нөмірден қоңырау шалғыңыз келсе, төмендегі нөмірлерге қоңырау шалыңыз. Назар аударыңыз, қоңыраудың құны байланыс провайдеріңіздің тарифтеріне байланысты.

•   Ақтөбе қаласы және облысы: +7 (7132) 921 200

•   Алматы қаласы және облысы: +7 (727) 3 500 500, +7 (727) 3 500 600 (Алматы қаласының тұрғындарына)

•   Астана және Ақмола облысы: +7 (7172) 738 738 (Астаны қаласының тұрғындарына); +7 (7162) 910 007 (Көкшетау қаласының тұрғындарына)

•   Атырау қаласы және облысы: +7 (7122) 930 005

•   Қарағанды қаласы және облысы: +7 (7212) 922 111 (Қарағанды қаласының тұрғындарына)

•   Жезқазған және Ұлытау облысы: +7 (7102) 915 050 (Жезқазған қаласының тұрғындарына)

•   Павлодар қаласы және облысы: +7 (7182) 770 010

•   Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы: +7 (7152) 631 010

•   Тараз және Жамбыл облысы: +7 (7262) 923 030

•   Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы: +7 (7112) 960 096

•   Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облысы: +7 (7232) 492 000 (Өскемен қаласының тұрғындарына);

•    Семей қаласы және Абай облысы: +7 (7222) 556 565

•   Шымкент қаласы және Түркістан облысы: +7 (7252) 984 949

«Үйдегі интернет» қызметіне қатысты мәселелермен:

3131 нөміріне қоңырау шалыңыз. Қазақстандағы барлық мобильді нөмірден қоңырау шалу тегін. Егер бізге қалалық нөмірден қоңырау шалғыңыз келсе, төмендегі нөмірлерге қоңырау шалыңыз. Назар аударыңыз, қоңыраудың құны байланыс провайдеріңіздің тарифтеріне байланысты.

+7 (727) 35 000 35 — Алматының қалалық нөмірлерінен.

Біздің кеңселер мен салондарда Сізді қуана қарсы аламыз.

Сол жерлерде Beeline-ға ауысуыңызға немесе SIM-картаны ауыстыруыңызға, жаңа тариф қосып, шотты толтыруыңызға, жаңа смартфон сатып алуыңызға немесе Beeline байланысына қатысты барлық сұрақ бойынша кеңес алуыңызға болады.

Өзіңізге ыңғайлы мекенжайды таңдаңыз, кезек брондаңыз (брондамасаңыз да болады J) және келіңіз!

Бланктер мен құжаттар