2023 жылғы 23 қаңтар мен 23 сәуір аралығында Түркістан облысының Шардара қаласында техникалық жұмыстарға байланысты 3G желісі өшіріледі. Сол уақытта біз 4G желісінің сапасын арттырып, оның жылдамдығын біршама жоғарылатамыз!
3G технологиясының өзектілігі жойылуда. Біздің деректер бойынша, осы қалаларда 4G құрылғының саны 3G-ге қарағанда 10 есе көп. Сондықтан біздің мақсат – көптеген клиент үшін қызмет сапасын жетілдіріп, 3G қолданушыларының 4G технологиясын қолдануына көмектесу. Желі сапасының жақсарғаны мен клиенттердің қанағаттану деңгейін өлшеуімізге 3 ай керек. Ұзарту туралы шешім осы мерзім біткен соң қабылданады. Ол туралы алдын ала хабарлаймыз.
Желіде қалу үшін, 4G желісіне ауысып үлгеріңіз:
1-қадам. SIM-картаңыз бен құрылғыңыз 4G желісін қолдайтынына көз жеткізіңіз. Мобильді құрылғыдан *705# пәрменін теру арқылы тексеруге болады.
1. Егер SIM-карта 4G технологиясын қолдамаса, оны оп-оңай ауыстыруға болады. Нөміріңіз бұрынғыдай қала береді.
Жақын маңдағы Beeline кеңсесін таңдауыңызды өтінеміз:
• Төле би көшесі, Орталық базар, Орталық қатар, Мейіржан бутигі
• Төле би көшесі, Орталық базар, қатар Жансая, бутик 2, Маржан дүкені
2. Егер телефоныңыз 4G желісін қолдамаса, Beeline shop сайтында бағасы тиімді, 4G желісін қолдайтын смартфон түрі көп. Бөліп төлеу арқылы алғанда, Beeline тарифін 12 айға жиынтықпен бірге аласыз! Мына жерде жаңа телефон таңдауға және онлайн-өтініш беруге болады.
2-қадам. Телефон баптауларынан LTE режимін қосыңыз. Құрылғыда оны қалай жасауға болатынын көріңіз: iOS • Android • Windows Phone