Басты бет / Жаңалықтар

Тамыздың 26-нан 27-не техникалық жұмыстар жүргізіледі

22.08.2024

2024 жылғы 26-27 тамыз аралығында Beeline желісінде техникалық жұмыстар жоспарлануда. Ұялы байланыс пен интернет жабдықтары жаңартылады. Жаңғырту — бұл стандартты тәжірибе, операторлар көрсетілетін қызметтердің сапасын сақтау және жақсарту үшін қомақты қаражат бөледі.

Пайдаланушылар мүмкіндігінше аз қолайсыздықты сезінуі үшін, жұмыстар негізінен кешкі және түнгі уақытта жүргізіледі: 26 тамыз сағат 18:00-ден бастап 27 тамыз сағат 06:00-ге дейін.

Осы уақыттың ішінде келесі шектеулер болуы мүмкін:

- мобильді деректерді бұғаттау/бұғаттан шығару пәрмендері жұмыс істемейді;
- нөмір мен құрылғыны тіркеуге және қайта тіркеуге болмайды;
- мобильді интернетке байланысты қызметтерді өшіру және қосу мүмкін болмайды;
- мобильді теңгерім толтырылмайды (пәрмен арқылы да, «Менің Beeline-ым»‎ қосымшасында да);
- қоңырау кезінде VoLTE жұмыс істемейді: 4G желісі 3G-ге өзгереді.

Қажет болған жағдайда, теңгерімді толтырып, нөмір мен құрылғыны алдын-ала тіркеуді немесе күтуді сұраймыз: техникалық жұмыстар — бұл қысқа мерзімді құбылыс.

Назар аударыңыз: егер Сізде тарифтік жоспар төленген болса және/немесе қосымша интернет-трафик пен минуттар пакеттері қосылған болса, интернетке кіріп, әдеттегідей шектеусіз қоңырау шалуға болады.

Түсіністік пен сеніміңіз үшін рақмет!