5 тамыз 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline Қазақстан корпоративтік клиенттерге арналған өнімдер қатарын ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Fortinet-тің шешімдермен толықтырды.
Fortinet – желі қауіпсіздігі саласындағы бағдарламалық қамсыздандырулардың жетекші өндірушісі, дүние жүзінде 400 мың компанияны өнімдерімен жабдықтайды. Қазақстан нарығындағы тапсырыс берушілердің қатарына енді Beeline Business клиенттері де қосылды, олар заманауи қауіпсіз кеңсені ұйымдастыруға қажет қосымша қызметтер мен мүмкіндіктер шоғырына қол жеткізетін болады.
«Біздің міндетіміз – корпоративті клиенттеріміздің бизнесінің ақпараттық бүтіндігін қамтамасыз ету. Енді компаниялар интернетке қауіпсіз қосылуды қамтамасыз ететін, мобильді құрылғылар мен жұмыс станцияларын және ІоТ шешімдерді зиянды, әрі фишингті сайттардың кездейсоқ кіріп кетуінен қорғайтын бірқатар инновациялық қызметтерге қол жеткізеді. Fortinet өнімдері орнықты және мобильді арналарға желіден жасалатын жанама және тура шабуылдардан қорғайды. Ең бастысы, бізде клиенттерімізге өнімдерді сервистік қызметпен бірге ұсыну мүмкіндігі бар», - деді Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директор Олег Алдошин.
Beeline Қазақстан мен Fortinet арасындағы стратегиялық альянсты құруға қатысты меморандумға қол қою туралы ТМД елдеріндегі Fortinet өкілдігінің басшысы Михаил Родионов былай пікір білдірді:
«Қазнетте киберқылмыс өршіп келе жатқанда, Beeline өз клиенттерінің мүддесін ойлайтынын көрсетті. Fortinet қауіпсіздік фабрикасындағы заманауи шабуылдардан қорғанатын құралдарың шоғыры, соның ішінде қауіпсіз қосылу деңгейіндегі шешімдер – қызметтің бір бөлігі ғана, қазір Beeline абоненттері соған қол жеткізіп отыр. Ақпарат қауіпсіздігі саласындағы көпжылдық тәжірибеміз бен озық технологияларымыздың халықаралық индустрияда мойындалғанына, Beeline клиенттерінің игілігіне қолданылатынына қуаныштымыз».
Beeline Business – бұл байланыстың мультисервистік өткізушісі. Beeline Business әдепкі мобильді және тұрақты қызметтер тізімінен бөлек, көптеген digital-өнімдерді: мобильді қаржы, конвергентті қызметтер, мультимедиялық сервистер, соның ішінде ауқымды деректерді талдау қызметтері (Big Data), бұлтті SaaS шешімдер, бұйымдар интернеті, сондай-ақ Mobile Device Management (MDM) және E2E шешімдерін ұсынады.
Beeline Business ТМД елдері мен Италияда, Азия мен Африканың бірқатар елдерінде телекоммуникациялық активтерді қадағалаушы холдингтік компания – VEON-ның жаһандық тәжірибесіне сүйенеді, ол сол нарықтағы жергілікті бәсекелестерді артқа қалдырып, ең озық техникалық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.
***
Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!
Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері.
Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.
***
Қосымша ақпарат алу үшін:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz