Басты бет / Beeline-ға осында және қазір ауысыңыз!

Нөмірді Beeline-ға көшірер алдында тексеріңіз

Нөмір бұғатталмаған және оның қарызы жоқ

Қазіргі оператордың қосымшасында көз жеткізіңіз

Нөмір Сіздің атыңызға тіркелген

*835# (Tele2, Altel, Jusan Mobile) немесе *562# (Kcell, Activ) пәрменін теріңіз

Нөмір соңғы 60 күн ішінде көшірілмеген

Еске түсіріп көріңіз немесе қазіргі оператордан нақтылаңыз

Нөмірді көшіруге көмектесеміз

Өтінімді қалдырыңыз, біз 15 минут ішінде хабарласамыз. Егер де қазір сағат таңғы 08-ге дейін болса немесе кешкі 10-нан асып кетсе, онда келесі күні таңертең 😊

Неге жаңа желі Сіз үшін ыңғайлы болады?

Әр жерде онлайн боласыз:

VIGO-ның мәлеметтеріне сәйкес, Қазақстан бойынша Beeline-да ең кең таралған мобильді интернет.

Жақындарыңызбен отбасылық тарифте бас қосасыз

«Премиум Отбасы»-мен әрқайсысы үшін абонтөлем айына небәрі 3600 ₸ басталады.

Нөміріңізді «Менің Beeline-ым» қосымшасында

екі-ақ рет басу арқылы басқара аласыз.

Нөмірді көшіру туралы толық ақпарат

Сізді MNP-портация терминімен шошытады 😊

Сіз қорықпаңыз 😊 MNP (Mobile Number Portability) — байланыс операторын ауыстыру, яғни нөміріңізді басқа желіге көшіру.

Beeline-ға ауысу тәсілдері

Сіз әрқашан кеңсемізге келе аласыз. Бірақ ең оңай жолы — нөмірді «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы көшіру. Ол үшін қосымшаны жүктеп алып, «Beeline абоненті болу» таңдап, нұсқауларды орындаңыз. Сонымен қатар, Сіз осы сайтта өтінім қалдыра аласыз, біз Сізге қоңырау соғып, «Менің Beeline-ым»-дағы жолды бірге өтуге көмектесеміз.

Нөмірді көшіру тегін

Иә, 0 теңге.

SIM-картаның түрі — eSIM-бе, Smart SIM, Сізге жеткізілетін SIM немесе біздің кеңседен алған SIM-бе, маңызды емес.

Назар аударыңыз: байланыс қызметтерін пайдалану үшін, таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін төлеу керек.

Нөмірлерді күн мен түннің кез келген уақытында 10 минут ішінде көшіреміз

«Менің Beeline-ым» қосымшасында нөмір көшірудің барлық шарттары сақталған жағдайда, өтінім шамамен 10 минут өңделеді. Сіз оны қай уақытта жібергеніңіз маңызды емес. Қосымшада біз тек бал ара емес, үкі де бола аламыз: тәулік бойы жұмыс істейміз 😊

Ал егер Сіз өтінімді сайтта қалдырсаңыз, онда сағат 08:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңді күтуіңіз керек.

Тариф пен теңгерім көшпейді

Тарифтік жоспар мен мобильді теңгерім көшпейді. Бұрынғы операторыңызда болғанның бәрі бұрынғы операторыңызда қалады.

Шетел азаматтарына да болады

Жарқын жаққа ауысу үшін, Сізде Қазақстандық ЖСН болуы керек. Егер ЖСН бар болса, Beeline-ның кез келген кеңсесіне барыңыз, Сізге міндетті түрде көмектеседі.

ЖСН-ді кез келген ХҚКО-дан «Шетелдіктерге және ҚР-да азаматтығы жоқ, уақытша жүргендерге ЖСН жасау» қызметі арқылы алуға болады.

Beeline байланысын бірден пайдалануға болады!

Beeline SIM-картасын іске қосқан соң, ауысқаныңыз туралы SMS бірден келеді, ал экранда желінің Beeline KZ атауы шығып тұрады.

Нөмір көшіруден бас тартса

Нөмір көшірудің барлық шарттары орындалғанына көз жеткізіп, қайтадан өтінім беріңіз.

Бас тартудың ықтимал себептері:

• Нөмірді соңғы көшіргеннен бері 60 күннен кем уақыт өтті.
• Нөмірді көшіруге өтінім қазірдің өзінде берілген.
• Қазіргі оператордың алдында қарыз бар.
• Жеке деректер дұрыс емес.
• Нөмір мемлекеттік органдардың талабы бойынша бұғатталған.

Көшкен соң, SMS келмесе орындайтын әрекеттеріңіз

1414 нөмірінен және eGov-тан біраз уақыт SMS келмеуі мүмкін. Егер сондай мәселе туындаса, біздің қолдау чатымызға немесе eGov-қа хабарласыңыз да, Мобильді азаматтар базасында нөміріңізді жойып, қайта тіркеуін өтіңіз.

Сіздің iPhone Ұлыбританияға ақылы SMS жібере бастауы мүмкін. Мұның нөмірді көшіруге қатысы жоқ. Ол iOS операциялық жүйесінің ерекшелігі.

Бұл мәселені шешу үшін, нұсқаулыққа сай әрекет етіңіз:

• «Баптаулар»-ға кіріңіз → FaceTime
• Сәйкестендіруден өтіңіз
• «Геопозицияны өзгерту»-ді таңдаңыз → «Өңір» жолында тұрған еліңізді (Қазақстан) көрсетіңіз → «Сақтау»-ды басыңыз.

Егер Сізде izi, ForteMobile болса

Осы операторлардың нөмірлерін жарқын жаққа тек біздің кеңсемізде көшіруге болады. Сізге жақын кез келген Beeline кеңсесіне қош келдіңіз.

Бұл парақтағы ақпарат – алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің клиенттеріне (байланысты тарифтік жоспар бойынша төлеп, содан кейін ГБ, мин және т.б. алатындар үшін).