Бағдарламалық жасақтаманы түгендеудің басталу уақытын өзгерту
Kaspersky Security Center бағдарламасы, Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін басқарылатын клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалық жасақтаманы түгендейді.
Желілік агент құрылғыда орнатылған бағдарламалар тізімін құрастырып, тізімді Басқару серверіне жібереді. Желілік агент орнатылған бағдарламалар туралы ақпаратты Windows тізімдемесінен автоматты түрде алады.
Құрылғының ресурстарын сақтау үшін, әдепкі бойынша Желілік агент орнатылған бағдарламалар туралы ақпаратты Желілік агент қызметі іске қосылғаннан кейін 10 минуттан соң ала бастайды.
Желілік агент қызметі іске қосылғаннан кейін құрылғының бағдарламалық жасақтамасын түгендей бастау уақытын өзгерту үшін:
- Желілік агент орнатылған құрылғының жүйелік тізімдемесін, мысалы, жергілікті түрде Бастау → Орындау мәзіріндегі regedit пәрменінің көмегімен ашыңыз.
- Келесі бөлімге өтіңіз:
- 32 разрядты жүйе үшін:
HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\KasperskyLab\Components\34\1103\1.0.0.0\NagentFlags
- 64 разрядты жүйе үшін:
HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Wow6432Node\KasperskyLab\Components\34\1103\1.0.0.0\NagentFlags
- 32 разрядты жүйе үшін:
- KLINV_INV_COLLECTOR_START_DELAY_SEC кілті үшін өзіңізге қажетті секундтардағы мәнді белгілеңіз.
Әдепкі бойынша, 600 секунд мәні көрсетілген.
- Желілік агент қызметін қайта іске қосыңыз.
Нәтижесінде, Желілік агент қызметін іске қосқаннан кейін бағдарламалық жасақтаманы түгендей бастау уақыты өзгертіледі.