Операциялық жүйенің кескіндерін орнату

2024 ж. 29 қазан

ID 92247

Kaspersky Security Center ұйым желісі құрылғыларына Windows операциялық жүйелерінің үстелдік және серверлік нұсқаларының wim-үлгілерін орналастыруға мүмкіндік береді.

Kaspersky Security Center құралдарымен орналастыруға жарамды операциялық жүйенің үлгісі келесі тәсілдермен алынуы мүмкін:

  • Windows дистрибутивінің мазмұнына кіретін install.wim файлынан импорттау;
  • эталондық құрылғыдан үлгіні қармау.

Операциялық жүйенің үлгісін орналастырудың екі сценарийіне қолдау көрсетіледі:

  • "таза" құрылғыға, яғни операциялық жүйесі орнатылмаған құрылғыға орналастыру;
  • Windows операциялық жүйесі басқарып жұмыс істейтін құрылғыға орналастыру.

Операциялық жүйе кескіндерін түсіру және орналастыру үшін Windows Preinstallation Environment (Windows PE) пайдаланыңыз. WinPE-де барлық құрылғылардың дұрыс жұмысына қажетті барлық драйверлерді қосу керек. Әдетте, желілік адаптер мен сақтау құрылғысының контроллері драйверлерін қосу керек.

Үлгілерді орналастыру және қармау сценарийлерін іске асыру үшін келесі талаптар орындалуы тиіс:

  • Басқару серверінде Windows Automated Installation Kit (WAIK) 2.0 не одан жоғары нұсқасы немесе Windows ADK үшін Windows PE қондырмасы бар Windows ADK орнатылған болуы керек. Егер Windows XP-де үлгілерді орнату немесе қармау бойынша жұмыстар болжамданса, WAIK орнату керек.
  • Құрылғы орналасқан желіде DHCP-сервер болуы керек.
  • Басқару серверінің ортақ қатынас бар қалтасы құрылғы орналасқан желіден оқу үшін қолжетімді болуы тиіс. Егер ортақ қатынасы бар қалта Басқару серверінде орналасса, онда KlPxeUser есептік жазбасы үшін қатынас керек (бұл есептік жазба автоматты түрде Басқару сервері инсталляторының жұмысы кезеңінде жасалады). Егер қалта Басқару серверінде орналасса, онда қатынас барлығы үшін керек.

Орнату үшін операциялық жүйенің үлгісін таңдаған кезде әкімші құрылғы процессорының құрылымына айқын түрде көрсетуі тиіс: x86 немесе x86-64.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.