Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасын жасау
Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасының көмегімен Kaspersky Security Center бағдарламасы басқарылатын құрылғыларға орнатылған үшінші тарап бағдарламалары үшін табылған осалдықтар мен қажетті жаңартулар тізімдерін алады.
Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасы бағдарламаны жылдам іске қосу шебері жұмыс істеп тұрған кезде автоматты түрде жасалады. Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін іске қоспаған болсаңыз, тапсырманы қолмен жасай аласыз.
Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасын жасау үшін:
- Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
- Қосу түймесін басыңыз.
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.
- Kaspersky Security Center бағдарламасы үшін Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырма түрін таңдаңыз.
- Жасап жатқан тапсырманың атын көрсетіңіз. Тапсырма атауы 100 таңбадан асуы және арнайы таңбаларды ("*<>?\:|) қамтуы мүмкін емес.
- Тапсырмалар тағайындалатын құрылғыларды таңдаңыз.
- Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу бетінде Тапсырманы жасауды аяқтау параметрін қоссаңыз, әдепкі бойынша белгіленген тапсырма параметрлері мәндерін өзгерте аласыз. Егер сіз бұл параметрді қоспасаңыз, тапсырма әдепкі бойынша белгіленген параметр мәндерімен жасалады. Әдепкі бойынша параметр мәндерін кейінірек кез келген уақытта өзгертуге болады.
- Жасау түймесін басыңыз.
Тапсырма жасалып, тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.
- Тапсырма сипаттары терезесін ашу үшін жасалған тапсырманың атын басыңыз.
- Тапсырма сипаттары терезесінде тапсырманың жалпы параметрлерін көрсетіңіз.
- Бағдарлама параметрлері қойындасында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
- Microsoft тізіміндегі осалдықтар мен жаңартуларды іздеңіз
- Деректерді жаңарту үшін жаңарту серверіне қосылу
- «Лаборатория Касперского» ұсынған үшінші тарап осалдықтары мен жаңартуларын іздеңіз
- Файлдық жүйеде бағдарламаларды қосымша іздеу жолдарын көрсету
- Кеңейтілген диагностикалау параметрін қосу
- Кеңейтілген диагностикалау файлдарының ең үлкен өлшемі (МБ)
- Сақтау түймесін басыңыз.
Тапсырма жасалды және конфигурацияланды.
Тапсырманың нәтижелерінде 0x80240033 "Windows Update Agent error 80240033 ("License terms could not be downloaded.")" қатесі туралы ескерту бар болса, бұл мәселені Windows тізімдемесі арқылы шешуге болады.