Kaspersky Security Center шектеулері туралы ақпарат
Төмендегі кестеде Kaspersky Security Center ағымдағы нұсқасының шектеулері келтірілген.
Kaspersky Security Center шектеулері
Шектеу түрі | Мән |
---|---|
Бір Басқару серверіне шаққандағы басқарылатын құрылғылардың ең көп саны | 100 000 |
Басқару серверімен байланысты үзбеу параметрі таңдалған құрылғылардың ең көп саны | 300 |
Басқару топтарының ең көп саны | 10 000 |
Сақталатын оқиғалардың ең көп саны | 45 000 000 |
Саясаттардың ең көп саны | 2000 |
Тапсырмалардың ең көп саны | 2000 |
Active Directory нысандарының ең көп жиынтық саны (бөлімшелер мен пайдаланушылардың есептік жазбалары, құрылғылар және қауіпсіздік топтары) | 1 000 000 |
Саясаттағы профильдердің ең көп саны | 100 |
Бір негізгі Басқару серверіндегі қосалқы Серверлердің ең көп саны | 500 |
Виртуалды Басқару серверлерінің ең көп саны | 500 |
Бір тарату нүктесі қызмет көрсете алатын құрылғылардың ең көп саны (тарату нүктелері тек ұялы емес құрылғыларға қызмет көрсете алады) | 10 000 |
Бір қосылымы шлюзін қолдана алатын құрылғылардың ең көп саны | 10 000, ұялы құрылғылармен қоса |
Бір Басқару серверіне шаққандағы ұялы құрылғылардың ең көп саны | 100 000 минус тұрақты басқарылатын құрылғылар саны |